Республикалық «Жайдарман» ойыны
06.02.18ж. күні Астана қаласында Республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Көкшетау қаласы «№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің намысын қорғап шыққан «Бүлдірген» командасы. Олар 5 «Ә» қазақ сынып оқушылары Гибададова Сабина, Салменова Аружан, Кусаинова Жадыра, Ермуканова Назия, Жапарова Алина. Команда алғашқы рет жайдарман сахнасында өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинады. Биылғы жылдың тақырыбы «Жарасым маусым». Бұл ойынға Қазақстанның көптеген қала, аудан, ауыл аймақтардан келді.
Жайдарман бұл – әзілқойлар мен тапқырлар сайысы. Және қазіргі таңда жастар арасында жедел дамып келе жатыр. Бұл ойын жастарды мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа, тәртіпкке, интеллектуалды деңгейін көтеруге, қоғам дамуына үлес қосуына үйрететін мектеп. Оқушылар «Менің сүйікті қалам» тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салып, астарлы сықақ сөйлеп, ойлы әзілдер айтты.
Менің ойымша, оқушылар үшін «Жайдарман» жастар клубының үйретері көп. Келешекте мектеп командасын жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін.
КММ №4 орта мектебінің аға тәлімгері
Сматаева Бакытжан Акыжановна