«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нормативтік құжаттар

Мектеп жарғысы

                                       

 1.Жалпы ережелер

1.1.«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі - Мектеп) білім қызметін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық формасында құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар, коммерциялық емес мекеме болып табылады.      

1.2.Мектептің құрылтайшысы: Көкшетау қаласының  әкімдігі   болып саналады.       

1.3.Мектептің мүлігіне қатысты құқық субъектісінің қызметін жүзеге асыратын орган, сонымен қатар, өкілеттік орган - «Көкшетау қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.                                            

1.4.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.                                       

1.5.  Мемлекеттік мекеменің толық атауы: Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.                                 

1.6. Орналасқан жері:     Қазақстан Республикасы, 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі,  72 үй.

                                            2.Заңдық мәртебесі

 2.1.Мектеп мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана заңды мекеме құқығына ие болып, құрылды деп есептеледі.                                                     

2.2. Мектептің өзіндік балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, банктерде есеп шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде Мектептің атауы жазылған Қазақстан Республикасы елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары бар.                                         

2.3.Мектеп басқа заңды мекеме құра алмайды, сонымен қатар, оның құрушысы да бола алмайды.                                                                                  

2.4. Мектеп оперативті басқару құқығы неізінде берілген жеке мүлікке ие, өзіне жүктелген міндеттеммелер бойынша өз құзырындағы ақша үшін жауапты. Келісім шарттағы міндеттеммелер бойынша, мектеп жауапкершілікке  мектепті қамтамасыз ету бойынша бекітілген смета шеңберінде ие болады.  Мектепке қаржы ресурстары жетіспеген жағдайда, оның міндеттері бойынша алмастырушы жауапкершілік Құрылтайшы органға жүктеледі.                                 

2.5.Мектеп қызметі мемлекеттік стандарттар негізіндегі білімнің тегін беорілу принципінде, білім беру процесінің үздіксіздік және оқыту әдістерінің алуан түрлілігі принципінде құрылады.                                                  

2.6.Мектеп білім қызметін жүзеге асыру, заңмен белгіленген жеңілдіктерді пайдалану құқығына оған сәйкес лицензия берілген күннен бастап ие болады. Мектеп өз түлектеріне олардың білім дәрежелері туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығына мемлекеттік аккредитациядан өткен сәттен бастап ие болады. Мектеп мемлекеттік аккредитация мен аттестауциядан Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңымен бекітілген тәртіпте өтеді.                                                                 

                  3.Мектеп қызметінің мәні, міндеттері мен мақсаттары

3.1. Мектеп қызметінің мәні:                                                                   

1) Жүзеге асыруы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, негізгі орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары:                

2) біріңғай тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырушы Мектептегі шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыруға септігін тигізетін оқу тәрбие процесінің мазмұны, формасы және әдістері ықпал еткен;                            

3) оқушылардың физикалық және эмоционалдық жағдайларының жақсы болу қамтамасыз ету, тұлғаның үйлесімді жетілуі үшін отбасымен өзара қарым-қатынас орнату;                                                                                  

4) білім берудің жоғары нәтижесін көрсететін білім беру бағдарламаларын және педогогикалық технологияларын жүзеге асыру;                                     

5) баспа өнімдерін шығару арқылы, ақпарат кеңістігін кеңейту және мектеп веб- сайтының жұмысын ұйымдастыру;                                                                    

6) қолданыстағы заңға сәйкес ата - аналардың өтініштері бойынша оқушыларға қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету;                        

7) балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

3.2 Мектеп қызметінің басты мақсаты – қазіргі заман талаптарына сай жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндеттерін минимумын игерту, ойлау процестері мен рефлексия дағдыларын дамыту, қоғамның өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамыту.       

3.3 Мектеп қызметтерінің негізгі принциптері:                                         

1) барлығының сапалы білім алуға деген құқығының теңдігі;                            

2) зиялы, гуманистік және дамытушы сипаты білім берудің, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуына приоритеті;                                                                                       

3) адамның құқығы мен бостандығын құрметтеу;                                      

4) деңгейлері өзара сабақтас білім беру процестерінің үздіксізділігі;        

5) оқыту, тәрбиелеу және дамытудың бірлігі;                                            

6) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім берудің жүесінің ашықтығы.

3.4. Мектепте діни бірлестіктердің құрылуы және жұмыс істеуі рұқсат етілмейді.                                                                                                            

3.5.  Мектеп қызметінің негізгі міндетері:                                               

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практик жетістіктеріне негізделген тұлғаның қалыптасуы, дамуы, маман ретінде жетілуін бағытталған сапалы білім алуға қажет жағдайларды жасау;                            

2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік тұғыры мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдайлар жасау арқылы оның ақыл-ойын байыту;        

3) өз Отанына, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, патриотизм мен азаматтық сезімдерін, мемлекетттік символдар мен мемлекеттік тілді құрметтеуге ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін кез келген құбылыстарға деген төзімсіздік сезімін тәрбиелеу; 

4) белсенді азаматтық рухтағы тұлғаны тәрбиелеу; қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуға деген қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен борыштарына саналы түрде қарауын қалыптастыру;          

5)Отандық және әлеуметтік мәдениет жетістіктеріне ортақтастыру; халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін зеріттеу; мемлекеттік тілді, оған қоса орыс және басқа да шет тілдерін меңгеру;                                                                               

6)педагогикалық қызметерлердің әлеуметтік деңгейлерін көтеру;   

7)қоғам мен экономиканың талаптарына сай келетін білім берудің спасын бағалайтын ұлттық жүйенің қызмет етуі;                                       

8)оқытудың жаңа технологиялыран еңгізу және тиімді қолдану;  

9)мүмкіншіліктері шектеулі азаматттардың білім алуына арнайы жағдайлар жасау;                                                                                      

10)оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру бағдармалары мен педагогикалық технологиялардың жасалуы және іске асырылуы;          

11)баланың өзін шығармашыл және дарынды тұлға ретінде көрсететін шығармашылықты дамытатын жеке бағдармаларды жасау;           

12)балаларды өзін-өзі дамыту және өзін өзі оқыту қажеттілігін қалыптастыру;

3.6.Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Констикуциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы тәрбиелеу Үздіксіз білім беру жуйесінде Қазақстан Республикасының; Орта білім беру ұйымдарының қызмет етуінің типтік ережелері (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта); Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы мемлекеттік жалпыға міндеттік стандарттары; Негізгі орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндеттік стандарттары; ҚР білім беру ұымдарындағы тәрбиелеудің Кешендік бағдарламасын, Қазақстан туралы Ережені, Қазақстан Республикасы;  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқушылардың академиялық үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясына тұрақты мониторинг жүргізудің типтік ережелері; ережелер Қазақастан Республикасының Үкіметінің шешімін, жергілікті атқарушы барлық деңгейдегі білім басқармасының  органдарыныңы шешімдерін, Құрылтайшы және Өкілетті органдардың бұйрықтары мен үкімдері, сонымен қатар осы Жарғыны басшылыққа алады.     

3.7.  Мектеп оның Жарғысындағы қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін жұмыстар жүргізу және келісім шарттар жасауға рұқсат етілмейді.

         4. Білім беруде жүзеге асырылатын оқу бағдарламалар тізбесі 

4.1.Мектептің білім беру бағдарламалары негізгі (базалық) және қосымша (дамытушылық) нұсқалардан тұрады.                                            

4.2.  Мектеп білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламаларын мемлекеттік стандартқа сай білім береді жүзеге асырады.                                                 

4.3. Бастауыш білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары баланы тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс- әрекетіне деген оң мотивациясы мен еcептіліктерін дамытуға бағытталады: негізгі мектептегі білім беру бағдарламаларын игеру үшін оқу, жазу, есептеу дағдыларын, тілдік қарым - қатынас жасау тәжірибесін, шығармашылық қабілеттерін және мәдени мінез - құлқын дамытуға бағытталады.           

4.4.Негізгі орта білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруіне, оларда жоғары тұлғаралық және ұлтаралы қарым - қатынас мәдениеттерін қалыптастыруға, өз мамандық бағыттарын анықтауға бағытталады;                                               

4.5. Жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары табиғи - математикалық және әлеуметтік - гуманитарлық салаларда профильді оқытуды енгізу арқылы білім мазмұнын саралау және интеграциялау негізінде жүзеге асырылады.                                                           

4.6.  Жалпы білім берудің оқу бағдарламасы оқушыларды алдын ала өз мамандық бағытына даярлауға бағытталады.                                                    

- 0 саты – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;                                             

-бастауыш сыныптардағы білім;                                                                          

-негізгі орта білім;                                                                                                  

- жалпы орта білім;                                                                          

Бірініші саты оқушылардың дамуын, олардың оқу, жазу, есептеуді үйренуінің негізгі дағдыларын, теориялық ойлау элеметтерін, оқу кезінде өзін - өзі бақылап, сөйлеу мен жүріс - тұрыс мәдениетін қарапайым дағдыларын, адамның гигиенасы мен салауатты өмір салтының алғашқы негіздерін игеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш білім жалпы негізгі білім алудың базалық орта болып табылады.        

Екінші саты оқушылардың мектеп бағыты бойынша тереңдетіліп оқылатын жалпы негізгі білім беру бағдарламасын игеруге қамтамасыз етеді, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуға оның қызығушылық қабілеттерінің әлеуметтік бейімделуіне және жалпы орта толық білім, бастауыш және орта кәсіптік білім алудың базасы болып саналады.                     

  Үшінші саты  жалпы білім беретін бағдарламаның соңғы кезеңі болып табылады, Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану - математикалық және қоғамдық -гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім біру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Үшінші сатыдағы оқушылар таңдаған курстарын оқуға құқылы, мүмкіндіктері мен мүдделерін іске асыруға бағытталған. Кәсіптік орта білім және жоғары білім алу деңгейіндеге (жедел оқу бағдарламалар бойынша ) негізі жалпы орта  білім болып табылады.

4.7.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  8 - бабының 5 - тармағына сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт  бойы бара алмайтын балаларға мектеп ұйымдастырады үйде тегін және жеке оқыту жалпы білім беретін пәндер бойынша немесе түзету оқу бадарламалары байланысты психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация ұсынып ұйымдастырады.         

Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын үйде жеке тегін оқитын балаларға Мектеп тарапынан және «мемлекеттен көрсетілетін қызметті ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қажетті құжаттардың тізімі:                  

1) өтініш (еркін  нысанда);                                                                            

2) дәрігерлік - консультация, комиссияның анықтамасы бойынша ұсынымдармен үйде оқыту қоса;                                                                  

3)Мүгедек балаларға психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңестің бағдарламасы бойынша ұсынған білім беру.                                  

4.8.  Қазақстан Республикасының ережесіне сәйкес даму мүмкіндіктері шектелген балаларға Мектеп әр балаға психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясының қажеттілігі туралы арнайы оқытуды  ұйымдастырады, қорытынды негізінде жалпы білім беретін мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы сыныптарға қабылдауға ата -анасының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде түзете - дамыта оқыту сыныптарына қабылданады. Оқушыларды арнайы сыныптарға қабылдау 1 мен 5 - сыныпқа дейін қоса алғанда жүргізіледі.                                                     

4.9.Жағдайлар болған кезде және білім алушылармен (немесе) олардың ата -аналарының сұраныстарын негізінде ала отырып, мектеп енгізе алады әр түрлі оқыту түрлері мен бағыттарын.                                                                                                  

5. Білім беру ұйымына қабылдау тәртібі

5.1.Оқушыларды мектепке қабылдау «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Мектепке қабылдау тәртібіне сәйкес оқыту мекемелеріндегі қабылдаудың типтік ережесімен орнатылады.                                                            5.2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алуға қабылдаудың типтік ережелері.                                                                   

5.3.  Мектептің мектепке дейінгі сыныптарына ағымдағы оқу жылының қыркүйегінде 5 - 6 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.                        

5.4. Оқуға түсушілер мен ата - аналарды (заңды өкілдері)  1 қыркүйекте оқыту деңгейіне қарамастан Жарғысымен және білім беру процесін реттейтін Мектептің басқа да құжаттарымен таныстырады. 1сыныпқа түсу үшін осындай құжаттар керек мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар «Білім беру мекемелерінде құжаттарды қабылдау және тіркеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы білім беру бағдарламаларына оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына» қарамастан :                                                                                                     1) баланың заңды өкілдерінің өтініші;                                                            2)  баланың туу туралы куәліктің көшірмесі;                                                         3) дәрігердің кәсіби консультациялық пікірі, 23 қараша мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы бұйрығымен бекітілген нысанының саны 086/е,  №907  2010 жыл «денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттардың нысандарын бекіту туралы»;   

    4) 3*4 см көлеміндегі 2 дана мөлшеріндегі фотосуреттер;                                 

    5) психологиялық, педагогикалық кеңестің қорытындысы (егер бар болса). Әрбір оқушы үшін жеке файл және сабақ үлгерімі туралы табелі.            

5.5.  Мектептің 5 - 9 сыныптарында шағын ауданның мектебіне тағайындалған барлық балалар қабылданады, бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған.           

5.6.  Мектептің 10 - 11 сыныптарына қабылдау оқушылардың заңды өкілдерінің келісімімен және оқушылардың резиденттік аймағын есепке алмай, негізгі орта деңгейдегі мемлекеттік деңгейдегі құжаттың болуы негізінде жеке өтінішке негізделеді.                                                             

5.7.Түзете - дамыта білім беру сыныптарына қабылдау баланың заңды өкілдерінің келісімімен психикалық, медициналық және педагогикалық кеңес беру қорытындысын ескере отырып жүргізіледі.                                          

5.8. Балаларды мектепке қабылдау мектеп басшысының бұйрығымен ата -аналардың  жазбаша өтінішін қабылдау, комиссияның ұысыныстары негізінде жүзеге асырылады.                                                                   

5.9.  Оқуға түскен оқушылар және оның ата аналары (заңды өкілдері) оқу үдерісін реттейтін мектептің жарғысымен және басқа да құжаттарымен таныстырылады.

        

6.Білім процесінің оқыту және тәрбиелеу ұйымдастырылу тәртібі

6.1.Метептегі оқу –тәрбие процесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік міндетті стандартына сай өнделген оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, Мектеп директорымен бекітілген мемлекеттік оқу жоспары мен күнтізбе-тақырыптық жоспарға сәйкес құрылады.                         

6.2. Метептегі оқыту және тәрбиелеу процесі қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізіледі.                                                                                                      

6.3. Мектеп Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шеңберінде оқытудың түрлері, әдістері және құралдарын таңдауға дербес деп саналады. 

6.4.Оқу-тәрбие процесінің ұййымдастырылуының негізі Мектеп жүзеге асыратын оқу-тәрбие процесінің жоспарлануы мен есепке алынуы болып табылады.                                                                                                             

6.5.Мектептегі оқу-тәрбиесі процесін жоспарлау оқу жылына оқу-тәрбие процесінің графигін, теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.                                                                           

6.6.Мектептегі оқу-тәртбие процесін есепке алу оқытуды есепке алу журналының және оқу бағдарламаларының жоспарды орындауды есепке алу табельдерінің жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады.                                         

6.7. Оқу-тәрбие процесін қорытындысы, оқушылардың үлгерімі және сабаққа қатысуын қадағалайтын сыныптық журналдар, сабақ сағаттарымен оқу бағдарламасынынң орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Мектепте  «Күнделік» электронды сынып журналын пайдаланады.

6.8. Білім мен ғылымды біріктіру үшін оқу тәрбие процесіндегі жаңа технологияларды игеру, педогогикалық біліктілігін арттыру және мектепте ғылыми әдістемелік жұмыс жүзеге асуда.                                                   

6.9. Мектептегі тәрбие беру бағдарламасы білім үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылықты, инернационализм, мораль және адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.

6.10. Мектепте жалпылай мойындалған халықаралық құқық және гуманизм принциптеріне қарама-қайшы келетін нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттау, мелитаристік және басқа идеяларды тарату, сонымен қатар діні атрибуттары көрсетілген киім киюге тиым салынады.

6.11. Оқу-тәрбие беру үрдісі оқушылардың және педогогикалық қызметкерлердің адамгершілік абыройларын құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.                                                                                                   

6.12. Оқушыларға физикалық, моральдық және психикалық зорлық- зомбылық жасауға рұқсат етілмейді.                                                              

6.13. Әскерге шақырылу не әлкереге шақырылуға дейінгі жасындағы оқушылардың бастауыш әскери дайындығы Мектепте Қазақстан Респубилкасынының заңымен бекітілген тәртіп бойынша жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.                            

6.14.Мектептегі тіл саясаты Қазақстан Респубилкасынының Конституциясына және Қазақстан Респубилкасынының тіл туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

6.15. Мектепте жалпыға міндетті  мемлекеттік стандартқа сай мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілі және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай шет тілдерінің бірі оқытылады.                    

6.16. «2017-2018 оқу жылындағы Қазақстан Респубилкасынының жалпы білім беретін мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» (39- бет), «Табиғи ғылымдар», «Информатика», «Физика», «Химия», «Информатика», «Биология» пәні оқушылар мен ата-аналар өздерінің тілектерін білдірсе ғана іске асырылады. Мұны қаламаған оқушылар бұл пәндерді оқыту тілінде оқиды.      

6.17. Қорытынды аттестация кезінде мемлекеттік тілмен орыс тілі ең негізгі пәндердің бірі болып есептеледі.                                                                      

6.18. Оқу барысын жоспарлау барысында әртүрлі оқу формалары қолданылады: жеке, ұжымдық, топтық, өз бетімен.                                                                 

6.19. Оқу жүктемесі, оқушылардың сабақтарының режимі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының, санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, білім беру және денсаулық сақтау органдарының оқу жоспарлары мен ұсыныстарының негізінде дайындалған Қамқоршылар кеңесі мен Мектеп ата-аналар комитетімен келіседі.                                                  

6.20. Оқушылардың сабақ режимі                                                             

1)Оқу жылы осы жылдың 1 қыркүйегінен басталады.                              

2) Оқу жылының ұзақтығы, оқу аптасы Қазақстан Руспубликсы Білім және Ғылым министірлігінің бұйрығымен белгілінеді.                                               

3) Оқу жылының ұзақтығы:

  • мектепке дейінгі сыныптарда- 32 апта;
  • 1 сыныпта – 33 апта;
  • 2-11 сыныптарда – 34 апта.

Оқу жылының ұзақтығы, оқу аптасы Қазақстан Руспубликасы Білім және Ғылым министірлігінің бұйрығымен белгіленеді. Мектепке дейінгі және бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс аптасы беріледі.

4) Қамқоршылар кеңесі мен ата-аналар комитетінің мүшерлерімен келісу барысында мектептің оқу аптасы бес күнге созылады. Сабақтардың ұзақтығы- 40 минут.

5) Дене шынықтыру мен көзге арналған жаттығулар үзілістермен қоса 1- сынып қыркуйек айында, гимнастика сабақтарын өткізу, қазанда 40 минут, 35 минут үш сабақ өткізді. Бір сынып үй жұмысын (20 мин артық емес көлемінде, оқу үшін ықтимал тапсырмалардың екінші жартысы) орнатылмаған. Сабақ кестесіндегі сабақтар ата-аналар комитетімен келісіледі.

6)Сәуірдің 24 күні Білім және Ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақастан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында ұйымдастыру және үй тапсырмасына көмек ретінде әдістеме ұсыныстарына сәйкес, 2017 жылғы № 182 5-11 сыныптар үй тапсырмасын дайындауға жұмсалған уақытты азайту. Бастауыш сыныптақос сабақ өткізу рұқсат етілмейді.

7) Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сыныптарға бөлек жасалады. Міндетті сабақтардың ең аз саны күндері міндетті емес сыныптарда жоспарланған.

8) 30 минут- санитарлық ережелер бойынша «білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар», оқу орындарының барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы 5 минут, 2немесе 3 сабақтан кейін үлкен үзіліс 30 минуттан кем емес. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін 15 минут әрқайсысының екі өзгерісін ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

9)сабақтар тәртібі және сабақтың өтілуі, қоңырау уақыты Мектеп директоры бекіткен күн тәртібімен сабақ кестесінде белгіленеді.

 

6.21.Оқу топтарының саны мен толықтығы: 1)Мектептегі сабақтар саны азаматтар ұсынған өтініштердің санына және санитарлық нормаларды ескере отырып, білім беру процессін жүзеге асыру үшін құрылған жағдайларға байланысты және құрылтайшысымен келісім бойынша директордың тиісті бұйрығымен белгіленеді. 2)Сабақтарды өткізу кезінде сынып Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы ортабілім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес екі топқа бөлінеді және келесі пәндербойынша 24 немесе одан астам сынып оқушыларын толтырады:

1-2 сыныптарда:

1)орыс тілінде сабақ беретін сыныптарда қазақ тілінде;                            

2)қазақ тілінде сабақ беретін орыс тілінде;                                                  

3)ағылшын тілінде;                                                                                    

4)өзін-өзі тану;                                                                                                    3- 4, 6 және  8 -11 сыныптарда:                                                             

1)орыс тілінде сабақ беретін сыныптарда қазақ тілінде;                           

2)орыс тілінде сабақ беретін сыныптарда қазақ әдебиеті;                                   

3) қазақ тілінде оқытылатын сабақтарда орыс тілі;                                           

4)шет ттілінде;                                                                                                   

5) информатикада;                                                                                              

6)технология бойынша (6, 8 - 11 сыныптардың толығына қарамастан ұлдар мен қыздар топтары);                                                                                              

7)дене тәрбиесі (6, 8 – 11 сыныптар);                                                                  5 және 7 сыныптарда:                                                                              

1)қазақ тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқыту сабақтарында ;                  

2)орыс тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде оқыту сабақтарында;                             

3)шет тілі;                                                                                                

4)информатика;                                                                                       

5)гендерлік негізінде дене шынықтыру (әрбір топта кемінде 8 ұл (қыз);

6)көркемдік жұмыс (сыныптың толығына қарамастан ұлдар мен қыздар топтары).                                                                               

6.22.Оқушылардың сабақтары үш ауысымда өткізіледі. Оқушылармен жеке жұмыс, сабақтан тыс  іс-шаралар сабақтан тыс уақытта кесте бойынша жүргізіледі.

6.23. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оқушылар білім беру ұйымында орнатылған киім үлгісін сақтауға міндетті:                       

  • Министрдің бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының  білім беру және ғылым министрлігі 2016 жылдың 14 қаңтарында, №26 бұйрығы, мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келеді. Стиль, мектеп формасының түсі классикалық стильде, бір түсті сұлбасында сақталады. Мектеп формасының түсі –көк түсті. 
  • Ер балаларға арналған мектеп формасы кіреді: пенжек, желетке, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы маусымы: трикотаж желетке, көкірекше). Ер балаларға арналған шалбар  еркін тігілген  және ұзындығы аяқ тобыгын жабады.         
  • Қыздарға арналған мектеп формасына кіреді: пенжек, желетке, белдемше, шалбар, классикалық көйлек (қысқы маусымы: трикотаж желетке, сарафан, көкірекше). Қыздар үшін шалбар-еркін тігілген, ал ұзындығы аяқ тобыгын жабады.    
  • Екі киімнен тұратын формасы міндетті түрде болуы –екі: пенжек-шалбар, пенжек-белдемше.
  • Әртүрлі конфессияларға жататын діни киімдердің мектеп формасына енуіне жол берілмейді.
  • Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайларды, жаттығу сабақтарының орналасқан жерін және жаттығу бөлмесіндегі температура режимін ескере отырып жүзеге асырылады.
  • Мектеп оқушыларының шашы таза және таралған болу қажет. Ұлдардың шаштары қиылған, ал қыздардың шаштары жиналған болу керек.  Шашты жіберуге немесе көлемді шаш қыстырғыштарды қолдануға оқушыларға тиым салынады.
  • Оқушылар күнделікті мектеп формасын күнде киюге міндетті.
  • Мектеп бөлмелерінде, асханада, медициналық мекемеде сырт киім киіп жүруге тыйым салынады.
  • Ата-аналар мен басқа заңды өкілдер мектеп белгіленген мектеп формасымен оқушыларды қамтамасыз етеді.     

6.24.Кіруді басқару тәртібі.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ұсынымдарына сәйкес мектептегі білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін бақылау тәртібі орнатылды. Мектептің аумағында және мектепте рұқсат етілмеген тұлғалардың болуын болдырмау, сондай-ақ, рұқсатсыз кіруге жол бермеу үшін мынадай өту парағы белгіленеді:

  • Мектепті рұқсатсыз адамдарға, оның ішінде туыстарына, таныс оқушыларға  және қызметкерлерге жеке басын куәландыратын құжаттарсыз жіберуге тыйым салынады;
  • Мектепке рұқсат етілмеген тұлғаларды қабылдау келушілердің кітабына сәйкес келу күндерінде жүзеге асырылады;
  • Жоспарланған мәдени іс –шараларды, спорттық секцияларды, төтенше жағдайларды қоспағанда  демалыс және мереке күндері, мектеп ғимаратына кіруге тыйым салынады.
  • Автомобиль көлігімен мектеп аумағына рұқсатсыз кіруге тыйым салынады.
  • Мектепке бөтен заттарды (қораптар, сөмкелер, бәңкелер, бөтелкелер, өткір, тұтанғыш және жарылғыш заттар және т.б.) әкелуге тыйым салынады.

 

7. Оқушылардың ағымдығы, бақылау, аралық және қорытынды аттестациядағы білімдерін бақылау жүйесі, оларды өткізу нысаны мен тәртібі

7.1. Оқушылардың білім берудің оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында Мектепте оқушыларының үлгерімдерін ағымдық бақылаудан және аралық аттестациядан өткізу жүргізіледі.                                                       

7.2. Оқушылардың  үлгерімдерін ағымдық бақылаудан және аралық аттестациядан өткізудің мерзімі мен тәртібін, нысанын таңдау Мектептің еркінінде.                                                                                                       

7.3. Оқушыларды аралық аттестаттау.                                                               1)2-11 сынып оқушылары барлық пәндер бойынша әр тоқсанның аяғында ал 1 сынып оқушылары екінші жартыжылдықтан бастап бағаланады.

 1)Аралық аттестаттау кезінде сапалы («есептелді», «есептелмеген») және бес ұпайлық (5 – «өте жақсы», 4- «жақсы», 3- «қанағаттанарлық», 2- «қанағаттанарлықсыз», «оқымаған») деген бағалау жүйесі.                              

2)Ағымдағы оқу жылы аяқталған соң 31 мамырға дейін аралық аттестация өтіледі.                                                                                               3)Оқушылардың аралық аттестациясы оқушылардың білім деңгейін бақылаудың және диагностикалаудың міндетті нысаны болып табылады. Тақырыптар тізімі, аралық аттестаттаудың нысаны мен тәртібі мен ауыспалы емтихандар білім беру мекемесінің басшылығымен бекітіледі және директормен бекітіледі.                                                                                      

4) 5-9, 10 сынып оқушылары 1 немесе 2 пән бойынша қанағаттанарлықсыз жылдық бағалау алып жатса, аралық аттестаттауға жіберіледі.                         

5)5-9, 10 сынып оқушылары 3 немесе одан да көп пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағалаумен бағаланса аралық аттестаттауға рұқсат етілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.                                        

6) 5-9, 10 сынып оқушылары, 1 немесе 2 пәндер бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алса сол пәндерден аралық аттестациядан қайта өтеді. Қайта аралық аттестация оқу жылы аяқталғаннан кейін үш аптадан кешіктірілмей жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз бағалар  алған жағдайда, оқушылар қайта оқу жылына қалдырылады.                                       

  7) Мектептің педагогикалық кеңесі және ДКК қорытындысы негізінде оқушылар денсаулығына байланысты барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттаудан босатылады.                                        

7.4.Оқушылардың қорытынды аттестациясы.                                                    1)Оқу бағдарламасын меңгеру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бітірушілерді мендетті Үлгілік қағидаларын үлгерімін ағымдағы бақылау аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың білім беру ұйымдарында іске асыратын жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру қорытынды аттестаттаумен аяқталады.                                  

2)Қорытынды аттестацияға жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беру үлгілік бағдарламаларын меңгерген 9 және 11 сынып оқушылары жіберіледі.                                               

3)Қорытынды аттестаттаудан өткен арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін емтихан тапсыру үшін емтихан тапсыруға қосымша уақыт беріледі, бұл мектептің  ұсынымдарына сәйкес оқушыларды қорытынды аттестациялау үшін емтихан комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады.                           

4) 1 немесе 2 пән бойынша қанағаттанарлықсыз жылдық баға алған 9-сынып оқушылары қорытынды атестаттауға дейін тест немесе жазбаша тапсырма түрінде қосымша сынақтан өтеді.                                                                        

5) Аттестациядан сәтті өткен бітірушілерге жалпы орта білім туралы және жалпы орта білім туралы куәліктер беріледі.                                                     

6) Негізгі жалпы орта білім туралы аттестатының қосымшасына кіретін барлық оқылған пәндер бойынша «5» бағалары бар 9-сынып бітірушілерге жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.                                                                                  

7) Негізгі жалпы орта білім туралы аттестатының қосымшасына кіретін барлық оқылған пәндер бойынша «5» бағалары бар 11-сынып бітірушілерге жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.                                             

 8) Жақсы мінез көрсеткен және 5 және 11 сынып аралығында барлық пәндер бойынша «5» деген қорытынды бағалауы бар 11- сынып түлектерге орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты  беріледі.           

9) 9 сынып оқушылары 3 немесе одан да көп пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта оқу жылына қалдырылады.     

10) 9 сынып оқушылары 3 немесе одан да көп пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта оқу жылына қалдырылады.       

11)11- сынып оқушылары 3 немесе одан да көп пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларына  ие болған жағдайда білім аяқталмаған анықтамалар беріледі.      

12) жалпы білім беретін пәндер бойынша сәтті өткен мектеп оқушылары білім беру бөлімінің басшысының бұйрығымен қорытынды аттестациядан босатылады:        

  • денсаулығына байланысты;
  • І-ІІ топтағы мүгедектер;
  • Жазғы оқу лагерінің қатысушылары, халықаралық олимпиадаларға (конкурстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына үміткерлер.                                                                              

7.5. Білім беру ұйымы мен ата - аналарды және басқа заңды өкілдерді кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларды, тәрбиенушілерді оқу - тәрбие жұмысы барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ, оқу жылыныңқорытындысы бойынша, аралық және қорытынды аттестация үлгерімімен таныстыру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

7.6. Оқушыларды келесі сыныптарға ауыстыру тәртібі.

1) Барлық пәндер бойынша «3», «4» және «5» жылдық және қорытынды бағалары бар 2-8 және 10 сынып оқушылары мектеп мұғалімдер кеңесінің ұсынысы бойынша директордың бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.

2) 2-8 және 10 сынып оқушылары барлық пәндер бойынша «5» деген жылдық бағалармен аяқтағандар келесі сыныпқа емтихансыз өткізіледі.

3) психологиялық –медициналық-педагогикалықкеңес беру ұсынысы бойынша және олардың ата-аналарының(заңды өкілдерімен) келісімі бойынша қалған 1-ші сынып оқушыларын қоспағанда, екінші рет оқуға қалдырылмайды.

4)Алдыңғы деңгейдегі жалпы білім беру бағдарламасын меңгермеген оқушылар оқудың келесі кезеңінде оқуға жіберілмейді (психологиялық- медициналық - педагогикалық кеңес беру кеңесімен және ата-аналарының (немесе басқа заңды өкілдерінің) келісімімен өтемақы білімінің сыныптарына ауыстырылатын оқушылар).

             8. Оқушыларды оқудан шығару тәртібі мен негіздемелері  

8.1.Оқудан  шығару тәртібі мектеп директорының бұйрығымен келесі негіздер бойынша іске асырылады: ата-ананың қалауы бойынша  (заңды өкілдерінің) басқа білім ошағында білімін жалғастырады.                                                                   

8.2.     Қазақстан Республикасының  «Бала құқықтары туралы» Заңының, жетім-балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды шығару туралы шешімі қорғаншылық және қамқоршылық органдарының хабарламасымен ғана қабылдануы мүмкін.               

         9.Ақылы білім беру қызметін ұсыну тәртібі мен қызметтер тізімі  

 9.1. «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыру бойынша және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)  жүзеге асырудан қалатын ақшаны жұмсау бойынша қосымша ақылы білім беру қызметтерінің тәртібі туралы» бекітілген Ережесі негізінде және ҚР «Білім туралы» Заңына және ата-аналардың қалауына сәйкес  Мектептің оқу бағдарламасына қосымшга ақылы білім беру қызметі жүйесі қосылады.               

9.2.Мектеп жалпы оқыту, білім беру стандарттар талаптарынан тыс келесі тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ақылы қызметтер туралы келісімшартқа тұрумен ақылы түрде мына қызметтерді көрсетуге құқылы:      -қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту,  спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтар мен қабілеттердің дамуы, мамандардың біліктілігін жоғарлатуы);

-оқу жоспары мен бағдарламасында анықталған пәндер бойынша (пәндер мен пәндер  циклі) сабақтан тыс уақытта белгілі оқушылармен қосымша сабақтарды ұйымдастыру;                                                                      - оқушылардың пәндер бойынша (пәндер мен пәндер циклі) ғылым негіздерін терең оқуды ұйымдастыру;                                                                              

-әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу: спорттық жарыстар семинарлар, жиналыстар, оқушылар мен педагогикалық қызметкерлер, ересек адамдар арасындағы конференциялар, сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиетін құрастыру және іске асыру;                                                           

-білім беру мекемелерінде өтетін әртүрлі іс-шаралар қатысушыларын тамақтандыруды қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру;                  

-кәсіптік біліктілігін ұйымдастыру (техникалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату мен қайта даярлауы) ;                                                 

9.3.     Ақылы білім беру қызметін беретін Мектеп оқушымен, оның ата—аналары мен басқа заңды өкілдерімен келісімшартпен реттеледі. Шартқа тұру уақытында оқу жылының барлық шығындарын бір сәтте төлесе, оқу жылының аяғына дейін шарт бағасы тұрақты болады. Оқудың ақшасы кезеңмен төленсе, онда төлеу сомасы жылына  1 (бір) рет жалақының өсуіне байланысты инфляция индексін ескеруімен өзгеруі мүмкін.                              

9.4.Ақылы қосымша білім беруден түскен қаражаттар оқу үрдісіне пайдаланады соның ішінде оқу құралдарын, әдебиеттерін алуға, оқушылардың еңбегін төлеуге педагогтардың еңбегін қосымша төлеу және мектеп қызметкерлерін материалдық көмекпен қамтамасыз ету қызметі.  

10.Ата-аналар мен басқа заңды өкілдерінің құқықтары мен мендеттері

10.1.Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналары мен басқа заңды өкілдері құқылы:                                                                                        1)баланың жеке және дара ерекшеліктеріне, қалауына сай білім беру мекемесін таңдауға құқылы;                                                                             

2)ата-аналар комитеттері арқылы Мектепті басқару органдарының жүмыстарына қатысуға құқылы;                                                                          

3)өз балалардың оқу үлгерімі, тәртібі, оқу жағдайы жайлы мәліметті алуға құқылы;                                                                                                        

4)психологиялық-әдістемелік-педагогикалық кеңестерде өз балалардың оқу-тәрбие мәселелері бойынша кеңес алуға құқылы;                                     

5)келісім шарт негізінде балалардың қосымша қызмет алуы құқығы бар. 

10.2.   Оқушылардың ата-аналары мек басқа заңды өкілдерінің міндеттері:      

1)балалардың оқуға, өмір сүруге қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға, физикалық және интелектуалды дамуын қамтамасыз етуге, адами тұлғасын қалыптастыруға міндетті;                                                                                

2)жалпы білім беру мектепалды дайындығын қамтамасыз етуге міндетті;

3)білім беру мекемесінің Жарғысындағы ережелерді орындауға міндетті;

4)мектептегі балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;                          

                                            11. Мектепті басқару

 11.1. Мектепті жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.              

11.2.    Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:  1)Көкшетау қала әкімдігінің  мектеп мүлкін, мемлекеттік негізгі қорлары мен айналымдағы қаражаттарды оперативтік түрде басқаруды бекіту;                    2)мектепті жеке қаржыландыру жоспарын бекіту;                                                 3)мектепке берілген мүліктердің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру;                                                                                     

4)мектепті басқару органдарының мерзімі мен тәртібін, құрылымын анықтайды, шешімдерін қабылдайды;

5)мектепті басқаратын басшысының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін, лауазымынан босату негіздерін анықтайды;

6)мектептің шектеулі штаттық саны мене құрылымын бекіту;                  

7)мектеп директоры ұсынысы бойынша оның орынбасарларының қызметке қабылдау және жұмыстан босату;                                                  

8)мектептің жылдық қаржылық есебін бекіту;                                                    9)мектепті қамтымасыз ететін сметаны бекіту;                                      

10)Қазақстан Республикғсының заңында белгіленген басқа да қызмет түрлерін іске асыру.                            

11.3. Қазақстан      Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың өкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тікелей Мектепті басқаратын директорды қызметке тағайындайды және босатады.

11.4. Директор мектептің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тиісті саланың өкілетті органына (жергілікті атқарушы органы)  тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мектепке жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

11.5.Директор бірегейлік қағидаттарына сүйенеді және Мектептің  қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына  және осы Жарлыққа сәйкес өз құзырлығы шеңберінде шешеді.                                      11.6.Директор Мектептің қызметіне қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасының тәртібіне сәйкес шешеді:                           

1) мектеп атынан сенімхатсыз әрекет етеді;                                    

2)мемлекеттік органдарда және басқа мекемелерде мектептің өкілі болады;

3)келісімшарттарды жасайды;                                                

4)сенімхаттарды береді;                                                                  

5)ісспарлар, тәжірибе алмасу сапарларының тәртібі мен жоспарларын және гимназия-мектебінің қызметкерлерін Қазақстандық және шетел оқу орындарында оқыту, біліктілігін арттыру;                                           

6)банктік шоттарын ашады;                                                            

7)барлық Мектеп қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар мен нұсқауларды береді;

8)мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, ауыстырады және босатады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасының тәртібіна сәйкес  мектеп қызметкерлеріне марапаттау тәртіптік жазалау басқа да еңбек тәртіптерін бұзған үшін шаралар қолданады;                                                             

10)өзінің орынбасарлары мен басқа да мектеп қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін анықтайды;

11)өкілетті орган мен жоғары тұрған білім беру органдардың шешімдерін, бұйырықтарын және өкімдерін орындайды;                                  

12)мектептің Педагогикалық кеңесін басқарады;                            

13)басқаратын кәсіпорындармен  байланыс жасайды;           

14)қаржылық - шаруашылық қызметті бақылайды;                                   

15)заңмен жарғымен және өкілетті органмен оған жүктелген басқа қызмет түрлерін іске асырады.                                                                       

11.7.Мектепте алқалық басқару органдары бар: Мектеп кеңесі, Педагогикалық кеңес, Ата-аналар комитеті, Қамқоршылық кеңесі.              

11.8. Мектеп кеңесіне, мектептің оқытушылары, қызметкерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары кіретін тең санына құрылады. Кеңес құрамына мектебімен қызметтестік қатынасына мүдделі қоғамдық ұйымдар кіруі мүмкін. Мектеп құзырлығына гимназия –мектебінің оқу-тәрбие үдірісінің жалпы бағыттарын анықтау, Мектептің жұмыс тәрбиесін жасау, ішкі тәртіп Ережелерін жасау, ғимаратты қорғау, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, еңбек ұжымындағы дау-жанжалдарды шешу, қосымша білім беру тәртібін ұсыну, әкімшілік пен педагогикалық есептерді тыңдау мәселелері кіреді.                                                                                    11.9. Мектептің педагогикалық кеңесі Мектептің әдістемелік басқаруды іске асырады және оқу бөлімінің меңгерушілері мен оқытушылары қатарынан құрылады. Педагогикалық кеңесті Мектеп директоры басқарады. Педагогикалық кеңес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді, педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын (формалар, әдістер мен тәсілдер) анықтайды, жеке оқу жоспарларын бекітеді, оқушылардың үлгерімін, оқушылардың мінез-құлқы мен аттестаттау мәселелерін, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, озық тәжірибелерді тарату, педагогикалық қызметкерлерді марапаттауды ұсынады, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру  мәселелерін шешеді.                                                                      

11.10.Ата-аналар комитеті бір жыл мерзімге жалпы мектептік ата-аналар жиналысында тағайындалады. Комитет құрамындағы мүшелер саны ата-аналар жиналысында сыныптардың санының есерілуімен ата-аналардың, басқа заңды өкілдерінің шешімімен жасалады. Ата-аналар комитетінің мүшелері: директор мен педагогикалық кеңестің қарауына мәселелерді ұсынады, мектептің тәрбие жұмысын жақсарту сынып жетекшілерінің ұсыныстары қарастырады, оқушылардың жаман қылықтары мен тәртіп бұзушылықтарын, балалар арасында қаңғыбастық пен бұзушылықтарын болдырмау жұмыстарын атқарады, оқушылардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуына ықпал етеді, Мектеп жағдайы мен келешегі туралы директор мен сынып жетекшілердің ата-аналардың оқушыларға отбасында  берілетін тәрбие жөнінде хабарламаларын, ата-аналарды қызықтыратын мәселелрді түсіндірулерін, тыңдайды.                        

11.11.Қамқоршылық кеңесі білім беру саласында өкілетті органының шешімімен құрылады. Келесі қызметтерді атқарады: мектептің Жарғысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасау; Мектеп дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; Мектептің оқыту –тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметті мәселелері бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау, білім беру әдістемелерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, сонымен қатар оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері; Мектепке Мектептің жарғылық мақсатын жүзеге асыруға көмектесу сонымен қатар білім алушыларға және педагогикалық ұжымға білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қажетті жағдай жасау; демеушілік, қолдаушылық және басқа да көмектерді үлестіру; Мектеп бюджетінің жобасын анықтау алдын ала қарап ұсыныстар жасап келісу және қалыптастыру; Мектеп  қызметі туралы Мектеп  басшысы және оның орынбасарларының жұмыс туралы есебін тыңдау; жұмыскерлерге, қосымша қаражат көздерінен қарастырылған қаражат көлемінде Мектеп басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге лауазымдық қызмет ақыларына үстемақы, сыйлыақы және материалдық көмек көрсету; Мектептің құрылымдық бөлімшелерін   құру немесе жабу туралы ұсыныстар енгізу. Қамқоршылық кеңес мүшесінің талабы бойынша мектептің жұмыскерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне қатысты тұрақты бойынша мәліметтерді беріп тұруға міндетті.

12. Мемлекеттік мекемінің мүлкін қалыптастыру тәртібі

12.1. Мемлекеттік мекеменің мүлігі жалпы құны мектеп балансында көрінетін заңды тұлғасы активтерінен құралады. Мектептің мүлігі мыналар арқылы қалыптасады:

1)жеке меншік иеленушінің берген мүлігі;                                                        2)өз бетімен іскерлік арқылы тапқан мүлігі(ақшалай табысттарды қоса);     3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы емес басқа табыс көздері.                                                                                                                           12.2.Мектептің өз бетімен оған берілген қаражат арқылы алынған мүлікті және  смета арқылы бөлінген мүлікті иелігінен шығару немесе басқадай пайдалануға құқығы жоқ.                                                                      

12.3.Қазақстан Республикасының заңдарында Мектепке табыс әкелетін іскерлікті жүргізуге құқығы берілген болса, сол іскерліктен түскен ақша тиісті бюджеттің есебіне алынады;                                                                      12.4.Құрылтайшымен Мектепке берілген мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі, мемлекеттік комуналдық меншікке жатады.      Мектеп мүлікті иелену және пайдалануға құқылы.

12.5. Мектеп бюджеттік қаражаттар арқылы сатып алған мүлік мектептің балансында тіркеліп, мемлекеттік меншікке жатады. Мектеп өз алдына осы мүліктерді пайдалануға құқығы жоқ.                

12.6. Мектеп бухгалтерлік есеп жүргізу міндетті және ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңдарына, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру бойынша ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есептеу стандарттарына  сәйкес есеп жүргізу міндетті.                                                         

12.7. Мектептің қаржылық-шаруашылық іс-әрекетін тексеру мен жасалатын ревизия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті органмен жүргізіледі.

13.Метептің жұмыс тәртібі

 13.1.Мектептегі жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмей, ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сай болу тиіс.  

14.Мектептің штаты мен мектеп қызметкерлерінің еңбегін төлеу шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері

14.1.Мектеп пен қызметкерлер арасындағы еңбек қарым-қатынастары еңбек туралы заңға сүйене отырып, жеке еңбек шарттарына сай реттеледі.                  14.2.Мектеп қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызметтік нұсқауларымен реттеледі.                                                                                                   14.3.Мектептің педагогикалық қызметкерлеренің құқықтары:                             

1) кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау;                                                   2)мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын сақтау шартында, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін еркін таңдау;      

3)ғылыми зерттеулердің тақырыбын өз алдына және оларды педагогикалық тәжірибесінде қолдану;                                                                  

4)мектепті басқару органдарына қатысу;                                                  

5)өндірістен қол үзіп, бес жылда бір рет екі ай мерзімінен аспайтын мөлшерінде өз біліктілігін арттыру;                                                             

6)өз дәрежесін көтеру мақсатында және қызметте өсу үшін мерзімімен бұрын аттестаттаудан өту;                                                                                 

7)56 күнтізбелік күндік мерзіміне төленетін демалыс алу;                       

8)жеке педагогикалық қызмет;                                                                  

9)өзінің кәсіби ары мен ұятын қорғау;                                                              

10)зияткерлік қабілетін қорғау;                                                                 

11)мектеп әкімшілігі шығарған бұйрықтар мен өкімдер бойынша арыз жасауға құқылы;                                                                                                  

12)Педагогикалық қызметіндегі табыстары үшін қаржылай және моральды түрде марапатталуға;                                                                      

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметің басқа да педагогикалық реформалар.                                                          

14.4.Метептің педагогикалық қызметкерлерінің міндеттері:                    1)оқушылар мен тәрбиенушілер мемлекеттік жалпы міндетті білім беру  стандарттарында көрсетілген деңгейлерге сай білім беру дағдыларын қалыптастыру;                                                                                                    

2) оқушылар мен тәрбиенушілер  жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және шығармашылық қабілеттерін анықтау;                                         

3)өз біліктілігін арттыру;                                                                           

4)педагогикалық әдеп нормаларын ұстану;                                                          

5) оқушылар мен тәрбиенушілерді сыйлау;                                               

6)салауатты өмір салтын сақтау және оны оқушылар мен тәрбиенушілер арасында насихаттау;                                                                                        

14.5.Мектеп қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталады;              

14.6. Мектеп қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесіне мыналар кіретін сағаттық төлем жүйесі арқылы төленеді: Қазқстан Республикасы Үкіметімен белгіленген мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік мекемелердің лауазымдық тізбесіне сәйкес қызметкердердің лауазымды еңбекақы (ставка),  ҚР заң актілерінде көрсетілген еңбек жағдайлары үшін төленетін үстемақы мен қосымша құндар, өтемақы.                                                           

14.7. Мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбек ақылары (ставкалары) мұғалімнің мамандық бойынша жұмыс өтіліне және лауазымына сай топқа жататындығы, қай қызметте жүргендігі барлығы ескеріле отырып, есептеуге арналған лауазымды еңбекақысы белгіленген коффициентке көбейтіліп анықталады.                                                                                               

14.8.Қосымшалар мен қосымша ақшалар лауазымды еңбек ақы негізінде ал басқа  қосымша құндар бір айлық жалақының ең төменгі деңгейінен есептеледі. Өтем ақы көлемі ҚР нормативті актілеріне сай анықталады.       

14.9.Мектепің педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі ҚР заңнамасымен, мүғалімдер біліктілігін ескеру арқылы реттеледі.                      

14.10.Мектептегі еңбекті ұйымдастыру қызметкердерге кепілдік беру принциптері негізінде, ҚР заңда көзделген әлеуметтік-экономикалық құқықтары негізінде жасалады.

15.Мектеп Жарғысына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы

15.1.Мектеп  Құрылтайшысы мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітеді және өзгертулер мен толытырулар енгізеді.                                                     

15.2.Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап қана нақты деп есептеледі. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізген сәттен кейін бір ай мерзім ішінде Ақмола облысы бойынша Әділет министрлігіне хабарлауға міндетті және ресімдеуге қажетті қызметті іске асырулары қажеті.

                      16.Мектепті қайта құру және тарату тәртібі

16.1.Мектептің қайта құрылуы немесе таратылуы Қазақстан Республиксының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.                         

16.2. Мектепті қайта құру немесе тарату жағдайында, Құрылтайшы оқушылардың басқа мектептерде оқу жылын аяқтау үшін жағдай жасау қажет.                               

16.3.   Мектепті таратқан жағдайда немесе құқықты қабылдаушысы болмаған кезде Мектептің барлық құжаттамалары мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады.

                           

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:50
Құрылған күні: 07.12.2022 10:19

Текст