Келесі құжаттарды ұсына отырып, өтінішті egov.kz мекен-жай бойынша беруге болады:
1 ата-аналардан (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан) өтініш;
2 баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3 "Баланың денсаулық паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
4 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
5 3х4 форматта екі фотосурет
Кеңесті №4 ОМ, №17 кабинеті бойынша алуға болады
тел: 25-24-72
Жұмыс тәртібі:
Дүйсенбі-жұма 09: 00-18: 30 түскі үзіліс 13:00-14:30
(Сенбі, жексенбі демалыс)
Қызметті онлайн алу
1. Порталда тіркелу және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қою (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиіс).
3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.