«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"№4 ЖББМ " КММ бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету, 2023-2024 оқу жылына арналған үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру

01.02.2024

ҚР Білім Министрінің 2022ж. 17. 11. № 462 бұйрығы , мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымша негізінде, "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" туралы «№ 4 ЖББОМ» бойынша ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі :

1 . Көрсетілетін қызметті берушінің атауы -бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары;-"электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат ( еркін нысанда); 2) үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде (проактивті).

    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

3) үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен психологиялық-медициналық педагогикалық комиссияның қорытындысы.

4) Мүгедектігі бойынша анықтама.

 

2023-2024 оқу жылының басына қалалық ПМПК нәтижелері, ДКК анықтамалары, ата-аналардың өтініштері негізінде және 2023 жылғы 31.08            № 483 бұйрығы негізінде № 4 ЖББОМ -де мектеп директоры бекіткен оқу жоспарлары бойынша 7 оқушыға үйде жеке оқыту ұйымдастырылды.

Сынып жетекшісімен және осы оқушылардың ата-аналарымен келісілген кестелерге сәйкес пән мұғалімдері сабақ өткізеді.

/public/files/2024/2/1/010224_212157_whatsapp-video-2024-02-01-at-161519.mp4

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст