Текст
Бұрын қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11 сынып оқушылары тапсырған. Олар осы пән бойынша емтихан тапсыруды жалғастырады.
Бұл ұсыныс Қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және Білім Министрінің қатысуымен өткен педагогтер қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылды.
Қазақ тілі бойынша емтихан жазбаша және ауызша түрде өткізіледі. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер дербес құрастыратын болады.
Көрсетілген пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10 сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.