«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылады

16.10.2023

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.
 

✅

Осы тапсырманы орындау аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.
 

🟢

Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.
 

🟢

Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.
 

🟢

Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.
 

🟢

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст