Өткен жаз мезгілінің шілде айында № 4 ЖОББМ-де ағымдағы жөндеу жұмыстары 99% жүргізілді. Мектеп жылыту маусымына толығымен дайын. Шілде айында мектеп қызметкерлері үш ғимараттың ішінде барлық жұмыстарды жүргізді, сонымен қатар спорт залдарында, спорт алаңдарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Асханада қабырға кафельдері ауыстырылды. Бірінші қабатта кіреберіс бөліктің бояулары жаңартылды, кафельдері ауыстырылды, сондай-ақ негізгі есіктің кіреберіс бөлігіндегі плиткаларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді .
"Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы 119 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Олардың ата-аналардың жеке карталық шоттарына 40 567 теңге мөлшерінде, барлығы 4 827 473 млн.тенге сомасында ақшалай қаражат жіберілді. Маусым айында мектепте «21 ғасыр балалары» мектеп жанындағы лагері жұмыс жасады. Лагерьдің екі кезеңіне барлығы 208 оқушы қатысты, соның ішінде 30 оқушы - аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Жазғы кезеңде қала сыртындағы "Чайка" ББО-да 12 оқушы демалды, ал "Арлан" және "Жаңа ұрпақ" күндізгі лагерьлерінде 8 адам демалды. Сауықтыруға 1 080 000 тенге аударылды.