Текст
2020 жылдың 7 қаңтарында "Көкшетау" сарайында 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Көкшетау қаласының #4 мектебінен информатика пәні бойынша Дулат Бекзат қатысты. Облыстық пән олимпиадасының қазылар алқасының шешімі бойынша Бекзат ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Біздің облыстық олимпиаданың жүлдегері және оны дайындаған мұғалім Игорь Евгеньевич Смольниковты құттықтаймыз!