Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуға дағдыланған. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау мен бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек». Ал түрлі технология баланың терең ойлануы мен мазмұнды жеңіл қабылдауға апаратын алтын көпір екені белгілі. Осыны ескере отырып, жас мамандардың ақпан айының 14 күні мектеп қабырғасында ұйымдастырған семинары, барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Семинардың қаншалықты тиімді болғанын соңындағы кері байланыстан анық көруге болады.
/public/files/2023/2/14/140223_210511_whatsapp-image-2023-02-14-at-170828-1.pdf