Алайда болашақты ойлаған әр басшының, аға буын өкілінің, мамандығын сүйетін майталман ұстаздың жастарды тәрбиелеуге бей-жай қарамайтындығына сеніміміз мол.
Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет.
Жас оқытушылар мектебі – арнайы педагогикалық білімі жоқ жас мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, педагогикалық шеберлігін шыңдау, психологиялық қолдау, бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде атқаратын бірлестік.
Оқу жылы басында мектептің жоспары құрылады. Оқу жылы барысында мектеп тарапынан жас мамандарға арналған семинар сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар,озат оқытушылардың іс-тәжірибесімен танысу мастер-класстары, кездесулер, дискуссиялар өткізіледі, өзара сабаққа қатысу, қатысқан сабаққа әдістемелік талдау жасауды үйрету, педагогикалық этиканы, сөйлеу мәдениетін ұстану жайлы мол мағлұмат беру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, мектебіміздегі білікті ұстаздардың бірі-Кубрина Г.Р жас мамандарға ата-аналармен жұмыс жүргізудің түрлі сырларымен бөлісті. Тәжірибелік әдістемелік біліктілігінің қазіргі жас ұстаздарға беретіні мол екені жұмыс барысында көрініс тауып отырды. Өз кезегінде жас ұстаздарда рахметін айтып, мектеп қабырғасында ұйымдастырылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын жеткізді.
/public/files/2023/1/10/100123_173151_whatsapp-image-2023-01-10-at-172739-1.pdf