2022-2023 оқу жылында "№ 4 ЖББМ" КММ-де оқушылардың Республикалық олимпиадасының мектеп кезеңі 2022 жылдың қараша айында өтті. Оған 5-11 сынып оқушылары қатысты ."№ 4 ЖББМ" КММ -де олимпиадалық тапсырмалар оқушылар олимпиадасын өткізу туралы Ережесіне сәйкес кешенді сипатта болды және әр пәндер циклі бойынша құрастырылды: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық.
Мақсаты: дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау; республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысу және дарынды білім алушылармен жеке жұмыс жасау мақсатында дарынды білім алушыларды жекелеген пәндер бойынша анықтау.
Мектеп оқушылары оқу жоспары пәндері бойынша олимпиаданың мектеп кезеңіне қатысты:
1) қазақ тілі мен әдебиеті
2) орыс тілі мен әдебиеті
3) ағылшын тілі
4) математика
5) физика
6) химия
7) биология
8) география
9) Қазақстан тарихы
10) ОИВТ
11) жаратылыстану
12) Құқық негіздері
Мектеп кезеңінің, 2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың республикалық олимпиадасының нәтижелері бойынша "№ 4 ЖББМ " КММ-де төмендегідей шешім қабылданды:
1. 2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне оқушылардың ерікті келісімі мен рейтингін ескере отырып, 5-11 сынып оқушылары арасынан үздік нәтиже көрсеткен мектеп кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жіберу;
2. ӘБ басшылары олимпиадалық жұмыстарға егжей-тегжейлі талдау жүргізсін, пәндік ӘБ отырыстарында талдау нәтижелерін қарасын, оқушылардың 2022-2023 оқу жылындағы республикалық оқушылар олимпиадасына қалалық кезеңге қатысуға ынтасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлесін;
3. Қашықтықтан оқыту ресурстарын, біліктілікті арттыру курстарын қоса алғанда, дарынды балалармен жұмыс істеу үшін педагог кадрларды арнайы даярлауды ұйымдастыру.;
4. Республикалық оқушылар олимпиадасының қалалық және облыстық кезеңіне қатысудың нәтижелілігін қалай арттыруға болады " тақырыбында әдістемелік семинар өткізу;
/public/files/2022/11/18/181122_230004_whatsapp-image-2022-11-17-at-213322-1.pdf