Текст
20,21,22 қараша күндері "№4 орта мектебі" КММ - де "ашық диалог алаңы"атты жаңа форматтағы мектеп ата-аналар жиналысы өтті. Ата - аналар пән мұғалімдеріне жеке сұрақтар қоюға, олардың балалары кездесетін табыстар мен қиындықтар туралы білуге мүмкіндік алды. Диалог өтті және өте өнімді болды. Ата-аналар мен педагогтар мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығының жаңа түріне риза болды.