«Ұлы даланың Ұлы перзенттері» айдарымен апталық ашылды
2019 жылдың 18 қараша күні Көкшетау қаласы №4 орта мектебінде «Ұлы даланың Ұлы перзенттері» тақырыбында қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының салтанатты ашылуы болып өтті. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіпеншілігін арттыру, ақиық ақындарымыздың жырларын қастерлеуге баулу мақсатында көзделді. Ашылу барысында оқушылардың ұйымдастыруымен құлақтан кіріп, бойды алар ән-күйлер орындалып, биішелер мың бұралып, айналасы теп-тегіс жұмыр келетін, жүрекке жылы тиетін өлеңдер оқылды.
Сонымен қатар, үзілісте «Тіл - ұлттың басты негізі» атты танымдық ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушылар өз білім-білік дағдыларын дамытып, әртүрлі тапсырмалар орындады.
Акипова Сания Казезтаевна,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі