Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін болдырмау мақсатында білім бөлімі "Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақша қаражатын жинауға тыйым салу туралы" бұйрық шығарды, бұл бұйрық білім беру ұйымдарының басшыларын оқушылардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) заңсыз ақша қаражатын жинауды болдырмауға міндеттейді. Сондай-ақ, осы бұйрыққа сәйкес әкімшіліктен, білім беру ұйымдарының мұғалімдерінен, оқушылардан және олардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) әртүрлі қажеттіліктерге (сыйлықтар, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, жөндеу жұмыстары және т.б.) ақша жинауға тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, сондай-ақ ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері туындаған жағдайда 8 (7162) 50-18-66 сенім телефонына хабарласуды сұраймыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.#4мектепКокшетау