Педагогикалық кеңес отырысының шешімі (жоба)
27.08.2022 ж
Тақырыбы: "Білімді ұлт: терең білім, еңбексүйгіштік және патриоттық қасиеттер"
№ 1 педагогикалық кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес қаралған мәселелер негізінде
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. 2020-2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыс бағыттарындағы мектеп жұмысын ұйымдастыру қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыс бағыттарындағы мектептің жоспары бекітілсін.
3. 05.08.2022 ж. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету
4. 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы нұсқаулық-әдістемелік хат оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға негіз болып алынсын.
5. Мектеп әкімшілігі мүшелерінің лауазымдық міндеттерінің тізбесі бекітілсін.
6.1-11 сыныптардың тізімдері бекітілсін, сынып жетекшілігін бекіту, оқу кабинеттерін басқару.
7. Білім алушылардың сапалы білім алу құқықтарын қамтамасыз ету бағытында 2022-2023 оқу жылында инклюзивті білім беруді іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.
8. "Мектепке жол" акциясын өткізу шеңберінде Жалпыға міндетті оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс қанағаттанарлық деп есептелсін. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыру.