Құрметті ата-аналар! "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын 1-ші сыныптарға оқушыларды қабылдауды жалғастыруда. Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Сіз egov.kz сайт арқылы немесе тікелей мектепте өтініш бере аласыз. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3)денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 "Баланың денсаулық паспорты"нысаны);
4) денсаулық жағдайы туралы құжат (063/у нысаны "Егу картасы");
5) фотосуреттер 3*4 - 2 дана.
Сәтпаев к-сі, 72 мекенжайы бойынша Көкшетау қ. "№4 ЖОББМ" КММ кеңес алуға болады. Тел. 25-24-72.
Сіздерді Күтеміз!