«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру! Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогының бос лауазымына орналасуға байқау

25.07.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Жеке мекенжайы: 020000 Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, 72

Телефон: 8 (7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)

Мына бос орындарға ашық конкурс жариялайды:

Бос лауазымдар атауы:

- орыс тілінде оқытатын сыныптардағы математика мұғалімі- 1 жүктеме тұрақты жұмысқа, 2 жүктеме декреттік демалыс уақытына.

– орыс тілінде оқытатын ТДО арнайы сыныбының бастауыш сынып мұғалімі - 1 жүктеме тұрақты жұмысқа.

– қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі- 1 жүктеме тұрақты жұмысқа.

- орыс тілінде оқытатын сыныптардағы география мұғалімі-1 жүктеме тұрақты жұмысқа.

– дене шынықтыру мұғалімі (екі тілде оқыту) - 2 жүктеме тұрақты жұмысқа.

- аға-тәлімгер-1 жүктеме тұрақты жұмысқа.

- Дефектолог (аралас оқыту тілі) – 1,5 жүктеме тұрақты жұмысқа.

 

Негізгі лауазымдық және функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына сәйкес. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 Сәуірде № 20551 болып тіркелді (3-тарау. 4- тармақ).

 

Біліктілік талаптары:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

 

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-"педагог-сарапшы" біліктілігінің қосымша болуы немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер"біліктілігінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

 

Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 25 сәуірден бастап 3 мамырды дейін

Конкурсқа қатысушының құжаттары:

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) үлгі бойынша ұсынылған құжаттардың тізбесі (өтінішке  қоса беріледі) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылатын жеке іс парақ (нақты тұрғылықты  мекенжайы мен байланыс телефоны көрсетіледі);

 

4) педагогтардың  біліктілік сипаттамасында бекітілген лауазымға қойылатын  талаптарға сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен  бекітілген үлгісі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

Құжаттардың біреуінің болмауы- кандидатқа құжаттарды қайтарылуына   негіз болып табылады.

 

Кандидат қажет болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік баспалар, біліктілік санаттары мен біліктілігін арттыру   сияқты  құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

 

Кандидат конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды  білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі 72.

 

Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)

Конкурсқа қатысушының құжаттары:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

    1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш (жүгінген кезде беріледі);

     2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

     8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда).

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст