«Мектепке апарар жол» республикалық акция -2019 жыл
Қазақстанда жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке апарар жол» республикалық қайырымдылық акциясының жылда өткізілуі дәстүрге айналды. Биылғы жылдың ерекшелігі, 12 жыл бойы өткізілетін акцияның өткізу мерзімі тамыздың 1 күнінен бір ай бұрын мерзіміне ауысқаны болды. Бұл шешім, көмекке мұқтаж балаларды неғұрлым қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Биылғы жылы дәстүрлі акция «Жүректен жүрекке!» («От сердца к сердцу») ұранымен өткізілді. Акция ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30 –на дейін өткізілетін болады.
Оқушылардың әлеуметтік себептерінен мектепке бармай қалуын көздеп, акцияның басты мақсаты, аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорсыз қалған балаларға қолдау көрсету болып табылады.
Биылғы жылдан бастап Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырысы негізінде акция нысанына өзгеріс енгізілді: енді бұл іс-шара жыл бойы жалғастырылатын болады. Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім»ҚБ бірігіп портал арқылы көмек жинау жөнінде келісімге келді. Сондай-ақ, демеушілер мен жебеушілер көмекке мұқтаж отбасыларға atamekenim.kz. порталында орналасқан өтінімдер мен тізімдерге сәйкес қолдау көрсете алады.
Осының арқасында бірнеше мәселе шешіледі:
Жылда біздің қаламыздағы ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардың ұжымдары балаларға мектеп, спорт киімдерін, кеңсе тауарларын сатып алып мектепке дайындалуға көмектеседі. Биылғы жылы бірінші сыныптың 10 оқушысына 313600 теңге сомасына көмек көрсетілді.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан он оқушысы «Ақниет» қайырымдылық қорынан кеңсе заттарымен қоса мектепке аспалы сөмкелерді сыйлыққа алды.
Біздің мектептің екі оқушысы мен аз қамтылған отбасыдан шыққан басқа балалармен бірге Нұр-Сұлтан қ. барып қайтты, онда оларға арнап біркүндік экскурсия ұйымдастырылды.
Тағы да 18 оқушы үшін арнайы тамыздың 15 күні Көкшетау қаласын аралатып шолу экскурсиясы өткізілді, сонымен қатар, Достық Үйінде этномәдени бірлестіктерінің мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен танысуы ұйымдастырылды.
«Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы асырап отырған жалғыз басты әкеге балаларын мектепке жинауға көмектесу жөнінде жазған хатына үнсіз қалмай қолдау көрсетті.
Марат пен Гульнар Оспановтар, Ильяс Алимович Омаров, Людмила Васильевна Власова сияқты жеке кәсіпкерлер 87.600 теңге сомасына көпбалалы отбасыдан шыққан үш оқушыға көмектесті.
Жаппай оқыту қорынан келесі заттар сатып алынды:аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар арасында бөлінген, мектеп киімі (10 д.), спорттық киімдер (39 д.), мектептік аспалы сөмкелер (27 д.), мектеп белдемшелері (11 д.), мектеп сарафандары (2 д.), ақ жейделер (15 д.), жейделер (7 д.).
«Мектепке апарар жол» акциясы жалғасуда, жайбарақат тыс қалмай қатысуыңызды сұраймыз !
Әмуметтік педагог