Текст
Сәуірдің 24-26 күндері аралығында Көкшетау қаласының «№ 4 орта мектебі» КММ 7 «В» сыныбының оқушысы Лапаник Данил және 8 «А» сыныбының оқушысы Лесечко Никита «Жас геолог» номинация бойынша облыстық байқауына қатысып бірінші орынға ие болды. Байқауды ГККП Облыстық балалар және жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы КҚММ ұйымдастырып өткізген. 2019 жылы Қ.И.Сәтбаевтің туғанына 120 жыл толғандықтан, жобаға таңдап алған «Қазақстан ғылымының Тұңғыш Академигі Қ.И.Сәтбаев» атты тақырыбы маңызды болып табылады. Никита мен Данил мектеп пен қала атын қорғап лайықты өнер көрсетті! Болашақта одан да зор жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізуіне тілектеспіз!
Жоба жетекшісі тарих мүғалімі Ю.Ф.Кузьмина