«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру! Мемлекеттік білім беру ұйымының бос лауазымына педагогтардың орналасу конкурсы

15.03.2022

 «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Жеке мекенжайы: 020000 Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі, 72

Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)

 

 

Мына бос орындарға ашық конкурс жариялайды:

Бос лауазымның атауы:

1. Логопед – 2 бос орын

 

Негізгі лауазымдық және функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына сәйкес. "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 Сәуірде № 20551 болып тіркелді (3-тарау. 8-тармақ)

 

Біліктілік талаптары:

тиісті қызмет саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

Жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда оқытушы-магистр үшін педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл.

Жоғары және орташа біліктілік болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модераторға кемінде 2 жыл, сарапшы-педагогқа - кемінде 3 жыл, оқытушы-зерттеушіге кемінде 4 жыл.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 1 наурызынан 10 наурызына дейін

 

Конкурсқа қатысушының құжаттары:Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

    1) үлгі бойынша ұсынылған құжаттардың тізбесі (өтінішке  қоса беріледі) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылатын жеке іс парақ (нақты тұрғылықты  мекенжайы мен байланыс телефоны көрсетіледі);

4) педагогтардың  біліктілік сипаттамасында бекітілген лауазымға қойылатын  талаптарға сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен  бекітілген үлгісі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);   

    7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

     8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 

Құжаттардың біреуінің болмауы- кандидатқа құжаттарды қайтарылуына   негіз болып табылады.

Кандидат қажет болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар,ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік баспалар, біліктілік санаттары мен біліктілігін арттыру   сияқты  құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды  білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі 72.

Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі),  

 

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст