«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының «№4 орта мектебі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2018 жылдың есебі

27.02.2019

 

 

2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес

білім беру ұйымда 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі («Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну», «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», ««Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау») 

 Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 286 құрады, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:

  • қағаз түрінде – 278 (6 түрі)
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 16 (6 түрі).

         2018 жылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына ҚР білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №28 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Құжаттар тізбесінде бұрын 5 құжат болатын

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды № 086/е нысаны;
  4. баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі 2 дана фотосуреті;
  5. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).

         Қазіргі уақытта 4 құжат және № 086/е нысандағы анықтама денсаулық жағдайы туралы анықтамаға ауыстырылды (№063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны);

  1. осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
  2. жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі), туу туралы куәлігінің көшірмесі (бала       2008 жылға дейін туылған жағдайда);
  3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны);
  4. баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі 2 дана фотосуреті;                                                  

          Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы заңды өкілдердің келісімімен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін қосымша ұсынылады.

        2018 жылдан бастап akmola.kz.сайт арқылы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметтер тізіліміне 2 жаңа қызмет: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе алмастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» енгізілді, аталған қызметтердің стандарты жоқ.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті білім бөлімі көрсетеді.

Приложение№1

/public/files/2019/2/27/270219_192012_gosuslugi-ssh-2018g.xlsx 

       

Директор                                                                                       Б.Б.Хасеинова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст