«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп бітіргенде 11 сынып оқушылары тапсыратын емтиханға және ҰБТ дайындығына қатысты психологтың беретін ұсыныстары

11.02.2019

Көкшетау қ. білім беру бөлімінің «№ 4 орта мектебі» КММ

________________________

 

Мектеп бітіргенде 11 сынып оқушылары тапсыратын емтиханға және ҰБТ дайындығына қатысты психологтың беретін ұсыныстары

                                                                                  

Хабарлы, демек қарулы.

 

          ҰБТ (емтиханға) дайындалған кезде өздік ұйымдастырушылық нашар қабілетінің салдары көңілдің жабырқауына, шаршағандыққа апарып соғады. 

       Стресс – ағзаға артығымен түскен ауыртпалыққа төтеп берген түрі.  Бұл деген кез келген ауа райынан басталатын фор-мажорлы жағдайлармен аяқталатын нәрсе бола алады. Біздің жағдайымызда – ол деген мектеп емтихандары. Қай түрде өткізілетіні ауызша ма не жазбаша ма, есеп шешу ме әлде жатжазба ма маңызды емес. ҰБТ де тек қана сол білім тексерерудің кешенді түрінің бірі. Сондай-ақ, тәжірибелі адамдар, яғни, осыны басынан кешкен адамдар, көңіл толқып ақылға басым келетінін айтады. Сондықтан, бұны неғұрлым болдырмау мақсатында, соғұрлым дайындық жұмыстарына  кіріскені жөн. Сол кезде мидің өзі,  қойылған есепті шешуіне қалыптасып реттеледі:

 

 ТӘРТІП. Күн тәртібіне өзгерістер енгізіңдер. Егер, сендер ҰБТ өтетін жерде 8.00 болуларың керек болып, ал сол үшін кемінде сағат 6.30 тұру керек болса, онда оған қазірден бастап дайындалыңыз, яғни, өз-өздеріңді сағат 6.30 күнделікті тұратын уақыт етіп бойларыңды үйрете беріңдер. Әрине, басында бірден сол кезде тұру өте қиын болады,  алайда, кешкі  сағат 23.00 дейін әрең шыдап жеңіл ұйықыға жатасыз, демек бұл жағдай өздеріңді жақсы, сергек сезінуге жақсы үлгі тұтарлық болады. Үйден шығар алдында бір сағат бұрын оянғандарың дұрыс болар,  бұл уақыт ішінде сендердің әбден ұйқыларың ашылатын болады.

Ескерту. Жаңа әдеп 21 күн ішінде қалыптасады.

 

 ТАМАҚТАНУ. Егер сендер бұрын таңғы астарыңды ішіп үйренбеген болсаңдар, онда қазірден бастап соған өздерің дағдылана бастаңдар. Тамақ іше түссімен, ағзаларың толығымен оянады: тамақты қортып миға қан жүгірте бастайтын болады, демек, ақылдарың айқындалып көңілдерің көтеріңкі болады. Бірақ, тамақ ішкенде стресс жағдайында жарияланатын баспа басылымдармен кеңес беріп ұсынатын тамақты ішпей-ақ, кәдімгі өздерің қалайтын сүйіп ішетін тамақ жеу қажет. Өйткені, ағзаның өзі үйренбеген тағамды бөтенсініп қабылдамай қалу мүмкін.  

 

 ЖҰМЫС КЕҢІСТІГІ. Бүгінгі кеңістік, біздің өміріміздегі нақты көзге көрінетін және виртуалды кеңістік болу тиісті. Тәртіп деген онда да мұнда да болу тиісті. Біріншіден, миларың  өмірдің дәл қазіргі кезінде қажетті және тиісті бір көзделген іс-әрекетке бағытталу үшін компьютер мен ұялы телефонды барлық қажетсіз ақпараттан тазалаңдар. Жұмыс үстел үстінен керек емес оқулықтар мен дәптерлерді алып тастаңдар, оданда, кеңсе қызметкері сияқты бәрін бір қорапқа жинап қойғаны дұрыс болар. Сабақ үстінде телефонды дыбыссыз тәртібіне қосып қойғаны жөн; жарияланатын ақпарат оқуға қажетті ақпаратты жеңіп кетпес мақсатында компьютер мен теледидарды, тек қана кеш уақытта, ұйқыға жатар алдында 2 сағат бұрын қарауға тырысыңдар. Бойларыңды билеген эмоцияларды елеп-ескеру үшін өздеріңе қызықты бағдарлама көруге болады.   Егер бұл мелодрама болса, онда абыржымау үшін жылап алуға болады, егер «қорқынышты» болса, онда бойларыңды үрей билетпеу үшін қорқып кету де болады, өйткені қорқыныш «толық шығу» тиісті. Алайда, қандай жағдай болса да, қарқынды оқу мен дайындық күндерінде фильм көруіне бөлінген уақыт тәулігіне 1,5 сағаттан аспау  тиісті. Немесе осының бәрі сендерді басқа виртуалды жағдайға әкету мүмкін, ал сендер болса өздеріңді шын кеңістікте сезіну тиістісіңдер.  

Сабақ істейтін бөлмеде шаршаған кезде көз жүгіртіп, басқаға назар аудару үшін кез келген жарқыраған ашық түсті нәрсе қойыңдар (құмыра, кәдесыйлар, ойыншық, кішірек жақтаудағы сурет немесе фото).

 ДАЙЫНДЫҚ. Бір пәннен дайындалуына бір сағаттан артық көңіл бөлмеңіз, өйткені, 11 жыл оқыған бойы сендерде бір пәнге үзіліспен қоса 40 минуттан уақыт бөлуге миларың әбден үйренген. Дайындық кестесінде ең басты математикамен айналысуға тырысыңыз, өйткені ол (математика) алдындағы ақпаратты түгел «өшіреді». Бұл  феноменді ескерусуз қалдырмаңдар, сондай-ақ, ҰБТ, соның ішінде сынама үлгілерді де тапсырған кезде ескеріңдер.

 

 ОҚУ, ЕМТИХАН (ҰБТ) КЕЗІНДЕ.  Егер, тапсырма орындаған кезде сендер, өздеріңді нашар сезсеңдер, шаршап және ойлар «ағып кететін» болса, онда бір неше жаттығулар орындауға болады. Адамның беті - бұл мидің алдыңғы жағы, сондықтан, оны (миді) белсенді жұмысқа қосу үшін жуынған тәрізді (әдетте 3 рет жеткілікті) әрекет жасауға болады. Сол мақсатта өзімен сүлгі алып жүрген дұрыс (қағаз немесе мақта матадан). Тек сүлгі не иісі болмау тиісті, не емтиханға дайындалған кезде үйде пайдалнатын иісі болу керек. Мысалы, ауаға бір ұнайтын иіс себесіз (лаванда, апельсин, шай ағашы және т.б.). Бұл иіс мида сақталады, сосын кейін басқа жерде сол иісті сезген кезде «танып» тиісті ақпарат есіңе түседі. Оған қоса тағы басқа тәсіл қолдануға болады, саусақтардың басында жылу сезінгенше алақандарды бар күшімен ысуға болады. Сосын саусақтың басымен көз ұяйсы мен самайларыңды айналдырып уқалаңдар. Бірақ, оң қолдың саусақтары сағат тілі бойымен айналу тиісті, ал сол қолдың саусақтары керісінше. Қабақтар босаңсыған болу керек. Енді ең соңында –басыңды оңға, солға, жоғары және төмен бұрыңдар. Бірнеше айналма қимылдар жасаңдар. Бойларыңды еркін босаңсып ұстаңдар.  Ізінше өздерің әлденіп демалғанды сезінесіңдер.

 

Адам жадысы ақылға сыймайтындай қонымды. Барлық оқу жылдары ішінде меңгерген білімдерің мидің жасушаларында сақталады. Ми – бұл жадының  қарапайым тұрғын үйі. Ешқандай компьютер дәл солай бейнелерді, суреттерді, мәліметтерді, сезімдерді, иістерді жеңіл де ұзақ (бір сөзбен айтқанда мәңгі) сақтай алмайды. Сендер үшін мектептің қабырғасында барынша білім беру мен дағдыландыру үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Тіпті емтихан үстенде, сендерді бір минутке үрей билей қалса, абыржымаңдар:  жады бар, оны тек белсенді жұмысқа қатыстыру қажет, сонда ол барын береді.  Ал ол деген сендерде молымен. Әйтпесе, сендер өздеріңнің мықтылығын тексеріп білім деңгейін анықтау - дегендей, батыл шешім қабылдай алмайтындар едің. Шешім қабылдап  мақсаттарды жобалаған кезде, біз сол сәттің өзінде-ақ, ешқандай бөгеттерді елеместен,  іштей оған қол жеткізуге дайын боламыз.  Ал емтихан мен ҰБТ – бұл тек бәріне төтеп беру ғана емес, соған қоса балалық шақтан ересек өмірге көшу және өзіңнің болашағы мен жеке бас келешегі үшін жауапкершілікті мойындау МҮМКІНДІГІ болып отыр. Бұл әрине, ересек өмірдегі көп нәрселер сияқты оңай емес. Алайда, ересек өмірдің де өз қызықтыратын жағдайлары жетерлік, балалық емес, нағыз өзің үйреніп ұйымдастыруды қажет ететін ересек қуаныштарға толы.

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст