11 желтоқсанда № 4 ЖОББМ-де 5-7 сынып оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық жарыстар өтті. Мақсаты мен міндеттері: оқушылардың денсаулығын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілікті және достық, ұжымшылдық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Балалар тек өздерінің ұйымшылдығы және ұйымдастырушылығымен, қойылған мақсатқа жету ниеті арқылы мәреге жетті. Тек рухтың күші мен жеңіске деген ерік жігері жеңіске жетуге көмектесті. 6-сынып оқушылары арасында баскетболдан және 3-4сынып оқушылары арасында асық ату ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, 5-6 сынып оқушылары арасында арқан тарту ойыны, 7-сынып оқушылары арасында үстел теннисі өткізілді. Аталған іс-шараларды дене шынықтыру мұғалімдері Иванова Н.Н., Дулова В. В., Кусаинов С. М. өткізді.
#Тәуелсіздік30-жыл
#4ЖОББМКӨКШЕТАУ