2021 жылғы 9 желтоқсанда өңірлік "Көкше" телеарнасының "Көкше Нұры" телебағдарламасының эфирінде дене шынықтыру пәнінің педагог-мұғалімдерімен кездесу өтті. Телебағдарламаға Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарының жетекші дене шынықтыру мұғалімдері – педагог-зерттеушілер Иванова Надежда Николаевна, "Көкшетау қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ және Амриева Галия Негмытовна, "Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейі" КММ қатысты. Бағдарлама жүргізушісімен диалогта салауатты және белсенді өмір салтын жүргізудің өзектілігі, әрбір адам үшін өз денсаулығын сақтау үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың маңыздылығы тақырыптары көтерілді.
Әңгімеге қатысушылар, Надежда Николаевна және Ғалия Негмытовна салауатты өмір салтын қолдау құпияларымен бөлісті, олардың спортқа қалай келгені туралы айтып, педагогикалық мамандықты таңдауға не әсер еткені туралы еске алды. Педагогтармен тікелей сұхбат және әңгімелесу біздің әріптестеріміз туралы, олардың жеке кәсіби жетістіктері туралы, мұғалімнің еңбегі несімен қызықты екендігі туралы көбірек білуге көмектесті!
https://kokshetautv.kz/ru/archive/programs/programs_morning/tangi-nuri-kokshetau/1248323