«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйектен бастап, Көкшетау қаласында барлық жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісін 1-11 сыныптарда санитарлық -эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта жүргізу көзделеді.

04.08.2021


Дәстүрлі форматта оқытудың басты шарты - сыныптағы оқушы саны 1-11 сыныптарда 25-тен аспауы тиіс. 
Сондай - ақ, дәстүрлі форматта оқытуды жүзеге асыру үшін ұстаздар мен мектеп қызметкерлері  вакцинациялаудан өтуі керек. 
Сонымен қатар мектептерде мәдени-көпшілік, спорттық іс- шаралар толықтай тоқтатылады.
 Мектепте дәстүрлі оқыту форматын ұйымдастыру барысында төмендегідей шаралар сақталады: 
1) оқу процесін "Бір сынып- бір кабинет" қағидасы бойынша бір кабинетте өткізу; 
2) күнделікті кіреберісте оқушылар мен педагогтардың дене қызуын өлшеу; 3) бетперде кию тәртібін қамтамасыз ету; 
4) барлық кабинеттерді уақытылы желдету, кварцтау, ылғалды тазалық жүргізу; 
5) дәліздер,  рекреациялар мен  холлдарға  ауысым арасында ылғалды тазалық жасау. 
Оқытудың дәстүрлі форматында оқушыларға мектеп формасына  сәйкес классикалық стильде де киінуге  рұқсат етіледі.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст