Отанымыздың киелі орындары, Қазақстанның тарихи-туристік көрікті жерлерін танып білу үшін жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» идеясы, «Туған жер», «Киелі география», бағдарламалары аясында 2018 жылдың 15-30 шілде аралығында «№ 4 орта мектебі» ҚММ мүғалімдері мен оқушылары автоэкспедицияға қатысты. Бағыт 7 облысты (Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан) қамтып, 7000 шақырымға ұласты. Мұғалімдер мен оқушылар барған жерден алған әсерлері туралы «Зерде» жобасы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жұмыстарын жүргізді. Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті пәндерінен білімдерін жетілдідіріп, ішкі және сыртқы турізімді дамыту үшін туристік бағыт болашағын озып үйренді. Жыл сайын спорттық туристік «Джунгарияда-2018» аясында өткізілетін іс-шараға дене шынықтыру тәрбиесі мұғалімі Иванов С.В. басшылығымен қатысты. Жергілікті өлкетанушылармен бірге әйгілі қазақ зиялыларының өмір жолдарын танып білу үшін жұмыстар жүргізіп олардың туған жерлерінде болып, басына тағызым етті. Мысал үшін ақын-жазушы С.Сейфуллиннің туған жері Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ортау ауылы, Қарашілік қыстағында мұғалімдер жергілікті өлке тарихын сақтаушылардың көмегімен сол кезеңдер тарихынан «ақтаңдықтар» жайлы әңгімелеп берді.
Экспедицияның басты мақсаттарының бірі - туризмді дамыту мүмкіндіктерін танып білу, кең – байтақ Отанымыздың киелі орындарын анықтау болды. Ортау тауларындағы «Жеті қазына» шын мәнінде табиғаттың тылсым бұрышы, қазынасы іспетті. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұлақ суының ағынынан пайда болған табиғи жеті құдық киелі әрі емдік қасиетке ие.
ҚазССР академигі Қ.И. Сәтпаевтың өмірі және қайраткерлігі жайлы қосымша мәліметтер, жинау үшін біздің жолымыз Жезді, Қарсақпай елді - мекені бағытында жалғасты. Көкшетаудан барған қонақтар академик тұрған және жұмыс істеген мұражай үйінен сол кездегі қазақтастандық ғылым мен түсті металлургиясының қалыптасу жолдарының қиыншылықтарын естіп білді.
«№ 4 орта мектебі» ҚММ тарих пәннінін мұғалімі
Анешев А.Х.