08.06.2026
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау Ақмола облысы бойынша 2026 жылдың 10 маусымынан басталады.
✅ Қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады. Өтініштер OQU платформасы арқылы қабылданады. Өтініш жолданғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қаралып, балаңыз мектепке қабылданады.
📌 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
• Медициналық құжаттар:
- Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у)
- Егу паспорты (№065/у)
• ПМПК қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін)
• 3×4 өлшеміндегі 2 фото
🖥 Өтініш беру тәртібі:
1-қадам. Авторизациядан өту
Жеке кабинетке ЭЦҚ немесе Egov Mobile QR-коды арқылы кіріңіз.
2-қадам. Онлайн өтініш беру
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдап, электронды өтінішті толтырыңыз. Мектепті таңдап, қажетті құжаттарды тіркеңіз.