«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар!

08.06.2026

 

Жазғы демалыс – балаларымыз үшін тынығатын, саяхаттайтын және жаңа әсерлер алатын тамаша кезең. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне, тәрбиесі мен мінез-құлқына ата-аналар (заңды өкілдер) толық жауапты екенін еске саламыз.

Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыруға ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Олармен жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы тәртіп, сондай-ақ интернет желісін қауіпсіз пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылауда ұстаңыздар.

Назарларыңызға саламыз: педагог қызметкерлер оқушылардың өмірі мен денсаулығына тек олардың білім беру ұйымында болған уақытында және мектеп әкімшілігі ұйымдастырып, бекіткен ресми мектеп іс-шаралары барысында ғана жауапты болады.

Жазғы демалыс кезеңінде, мектептен тыс уақытта және мектеп ұйымдастырмаған іс-шараларда балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік толығымен ата-аналарға (заңды өкілдерге) жүктеледі.

Құрметті ата-аналар! Балаларымыздың жазғы демалысының қауіпсіз, пайдалы әрі мазмұнды өтуі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

 

Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст