Көкшетау қаласындағы №4 мектеп 2025–2026 оқу жылына 1 және 10 сыныптарға оқуға түсу үшін өтініштер қабылдайды.
📝 Қабылдау – емтихансыз!
Біз сіздерге ұсынамыз:
✨ жайлы, қауіпсіз және заманауи мектеп ортасын,
👩🏫 тәжірибелі әрі қамқор ұстаздарды,
🎓 сапалы білім мен саналы тәрбие,
🏫 заманауи жабдықталған жаңа мектеп ғимараты,
🤝 орныққан дәстүр мен ұйымшыл ұжымдық рух.
📚 10-сыныптар үшін төмендегі бейіндік бағыттар қарастырылған:
Дүниежүзі тарихы – география (орыс тілінде оқытылатын сыныптар)
Биология – география (орыс тілінде оқытылатын сыныптар)
Дүниежүзі тарихы – география (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар)
№4 мектеп – бұл тек білім беретін ғана емес, балаңыздың жан-жақты дамуына, достар табуына, табысты болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретін орда.
📍 Мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 72
📞 Анықтама үшін телефон: 8 (7162) 25 24 72
💙 Біз сіздерді мектебіміздің үлкен отбасына қуана қарсы аламыз!