Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының басшысы Нұрмағанмбетова Айгүл Қайратқызы жастарға денсаулық – бұл аурулардың, ауыр жағдайлардың және дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы екенін , тек сау адам ғана жемісті жұмыс істей алады және қоғамға пайда әкелетінін түсіндірді.
«Адамның салауатты өмірінің негізі оның денсаулығы үшін жауапкершілік принципінің болуын қажет етеді: тек ақылға қонымды көзқарас адам денсаулығына ұзақ жылдар бойы сергектік, жоғары өнімділік, әлеуметтік белсенділік сақтап, ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді. Әр адам өзінің денсаулығы — өзіне жақын адамдардың тыныштығы, болашақ балаларының өміршеңдігі, елдің күші екенін түсінуі керек»,- деді кітапханашылар.
Президенттің Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан сөздерін алға тартып, қоғамды жайлаған бес кесел: есірткі саудасы мен нашақорлық, лудомания мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия, вандализм мен ысырапшылдықтан аулақ болуға, ұлттың жаңа келбетін айқындайтын құндылықтар: тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақтастық, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздықты берік ұстануға шақырды.
/public/files/2025/3/3/030325_162514_whatsapp-image-2025-03-03-at-150826-1.pdf