Текст
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену табыстылық көрсеткіштерінің бірі функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, басым міндеттердің бірі ретінде белгіленген білім берудің халықаралық стандарттарын орындау болып табылады. Халықаралық бағдарламадағы орталық ұғым-бұл «Сауаттылық», ол кең мағынада функционалды сауаттылық ретінде де анықталады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру динамикалық және шығармашылық, жауапты және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың шарты болып табылады. Осыған байланысты КММ "№4 ЖББМ"-де 23.02-01.03 аралығында функционалдық сауаттылық апталығын өткізу жоспарланған. Барлық оқушыларды белсенді қатысуға шақырамыз.