Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары:
- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау;
- ауыз су режимін қамтамасыз ету;
Оқушылардың дұрыс тамақтануына қажетті барлық азық-түлік өнімі қарастырылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін асханаға кезекшілік қойылды. Санитарлық ережелер мен талаптарға сай жабдықтар бар.Тамақтану сапасын бақылауды бракераж комиссиясы, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері жүзеге асырады. Мәзірдің сәйкестігі қарастырылады, дайын өнімнің шығуын бақылайды, тәулік сынамалардың болуын бақылайды, тамақ дайындаудың технологиялық карталармен сәйкестігін тексереді және кіретін өнімнің сапасын тексереді.