Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттік органдар қызметінің маңызды және стратегиялық міндеті болып табылады, өйткені Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мектеп келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді
1.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
3.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
4.«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5.«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
6. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бекітілсін.
Мектептің сайты мен Instagram желісінде электронды мемлекеттік қызметтерді халық арасында кеңінен тарату жүйелі түрде жүргізілуде, сонымен қатар цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Оқу жылының басында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жоспары құрылып, мектеп сайтында орналастырылды. Мектептің 1-қабатында ақпараттық стенд орнатылған. Ата-аналар қауымдастығына қызмет көрсетуге қатысты бейне хабарлама мектептің сайтында және Instagram аккаунтында орналастырылған.
ТЖ орынбасары: А.К.Оспанова