Іс-шараны жүргізуші: педагог-психолог, Рыстина Айнагуль женисовна
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Кешегі күн — бұл тарих,
Ертеңгі күн — құпия,
ал бүгінгі күн — бұл сый.
Қатысушылар: мұғалімдер
Қажетті құралдар: суреттер, тренинг ережесі, үлестірмелі қағаздар, маркерлер.
Жаттығу
Ойын шарты: алдымен қолымызды көтереміз, сосын аяғымызды көтереміз, кейін алға жүреміз, артқа жүреміз, көзімізді жұмамыз, аузымызды ашамыз. Енді жаттығуды мен күрделендіремін. Көзімізді жұмамыз дегенде, аузымызды ашамыз. Ал аузымызды ашамыз дегенде көзімізді жұмамыз. Алға дегенде, артқа жүреміз, артқа дегенде алға жүреміз, стоп дегенде, жүреміз, жүр жегенде тоқтап тұрамыз. Аяғымызды көтереміз дегенде, қолымызды көтереміз, қолымызды көтереміз дегенде аяғымызды көтереміз.
Кәсіби жанған педагог кейпі» сурет ( музыка пение птиц)
Құрметті мұғалімдер, қазір сіздерге 3 топқа боліну қажет.
Алдарыңызда жатқан ватман қағазына фломастермен кәсіби жанып кеткен адамның суретін саласыздар.Оның іштей күйіп, шаршағанын сөзбен емес сурет арқылы жеткізесіздер. Ал, бір бірден суретті көрсетейік. Не көріп тұрсыздар? Эмоционалдық көңіл күйі қандай?
Енді 3 топ өз салған суреттермен алмасып, эмоциялық күйген адамның суретін жандандырып, жағымды сөздер арқылы немесе позитивті суреттер арқылы адамды күйзелістен алып шығасыздар.
Енді құрметті мұғалімдер осындай негативті жағдайдан, эмоционалдық күюден шығу үшін мынадай кеңес жаттығулар жасауға болады.
1 Слайд бойынша
Күйзеліс және күйіп кету дегеніміз не?
Құрметті әріптестер, бүгін біз мұғалімдер жұмысында жиі кездесетін күйзеліс пен эмоциялық күйіп кету мәселесін қарастырамыз. Күйіп кету — бұл ұзақ уақыттық эмоционалды және физикалық жүктемелердің салдары. Ол адамның энергиясын сарқып, кәсіби мотивацияны жоғалтуға алып келеді. Бұл белгілер шаршау, ашушаңдық, депрессияға бейімдік түрінде көрінеді.
Күйзеліс факторлары
Күйзелістің негізгі себептерінің бірі – үлкен жұмыс жүктемесі. Мұғалімдер оқушылармен жұмыс жасау, әріптестер және ата-аналармен байланыста болу, әкімшілік тапсырмаларды орындау сияқты көптеген жауапкершіліктерді атқарады. Ата-аналардың жоғары талаптары, оқушылар арасындағы мәселелер де күйзелісті арттырады.
Алдын алу әдістері
Күйіп кетудің алдын алу үшін ең алдымен өзімізді тыңдауды және жеке шекараларды сақтауды үйрену маңызды. Мысалы, демалыс күндерін жұмыс тапсырмаларынан босатып, тек өз қажеттіліктеріңізге арнаңыз. Өз уақытыңызды дұрыс басқару және тапсырмаларды уақытында орындау арқылы да күйзелісті азайтуға болады.
Слайд 2: “Тайм-менеджмент және басымдықтарды анықтау”
Уақытты басқару және жоспарлаудың маңызы
Уақытты тиімді басқару — бұл жұмыс өнімділігін арттырудың ең маңызды құралдарының бірі. Жоспарлау және басымдықтарды анықтау арқылы тапсырмаларды ретімен орындау мүмкіндігі артады. Егер барлық істі бірден қолға алуға тырыссақ, шаршап, күйзеліс туындауы мүмкін.
Маңызды және шұғыл жұмыстарды ажырату
Эйзенхауэр матрицасы арқылы тапсырмаларды маңызды және шұғыл деңгейлер бойынша анықтауға болады. Мысалы, сабақ жоспарлау маңызды және шұғыл емес тапсырма, оны алдын ала жасауға болады. Ал шұғыл әрі маңызды тапсырмалар жедел назарды талап етеді.
Өзіңізге уақыт бөлу
Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды. Өзіңізге де уақыт бөліп, жеке өміріңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Бұл сіздің энергияңызды қалпына келтіріп, кәсіби өміріңізде жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Слайд3: “Эмоциялық интеллект және күйзелісті басқару”
Эмоциялық интеллект дегеніміз не?
Эмоциялық интеллект — бұл өз эмоцияларыңызды тану, түсіну және басқару қабілеті. Эмоцияларымызды тиімді басқару арқылы біз күйзелісті азайтып, жұмыста өзімізді сенімді сезінеміз.
Күйзелісті жеңілдету әдістері
Күйзелісті азайту үшін эмоцияларды оң бағытқа бұру маңызды. Қиын жағдайда эмоцияларды басқару үшін тыныс алу жаттығуларын қолданып көріңіз. Мысалы, 5 секунд дем алып, 5 секунд демді шығару арқылы өзіңізді тыныштандыруға болады.
Қиын жағдайларда өзін-өзі қолдау
Кейбір жағдайларда, мысалы, стреске толы ортада, визуализация мен медитация сияқты әдістерді қолдануға болады. Бұл әдістер сізге өзіңізді тыныштандырып, ойыңызды реттеуге көмектеседі.
Слайд 4: “Мотивация және өз ісіңізге деген сүйіспеншілікті қайта табу”
Ішкі және сыртқы мотивация
Мотивация екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі мотивация — бұл жеке мақсаттар мен құндылықтарға негізделген мотивация, ал сыртқы мотивация — бұл марапат немесе қоғамның тануы сияқты сыртқы факторларға негізделген.
Қайта шабыттану жолдары
Өзіңізге жаңа көзқараспен қарау және жетістіктеріңізді бағалау мотивацияны қайта оята алады. Күнделікті жұмыста өзіңізге шабыт көзі табуға тырысыңыз — оқушылардың жетістігі, әріптестермен жылы қарым-қатынас бұл тұрғыда маңызды рөл атқарады.
Жеке дамуды жалғастыру
Кәсіби даму мотивацияны жоғарылатады. Жаңа курстарға қатысу, кітаптар оқу немесе тәжірибе алмасу арқылы біліміңізді жаңартыңыз. Бұл сізге жұмысыңызға деген қызығушылықты арттырады.
Слайд 5: “Қолдау жүйесі және командада жұмыс істеу”
Әріптестердің қолдауы
Командада бір-бірімізді қолдау арқылы жұмыс өнімділігін арттыруға болады. Қолдау жүйесі бар ортада қызметкерлердің күйзелісі азаяды және күйіп кету (жанығу) – ұзақ уақыт бойы физикалық және эмоционалдық жүктемеден адамның шаршап, психологиялық және физикалық тұрғыдан әлсіреуі. Күйіп кету белгілері ретінде шаршау, мотивацияның төмендеуі, жұмысқа қызығушылықтың жоғалуы, күйзеліс және кейде депрессия көрініс табуы мүмкін. Бұл жағдай көбінесе өз жұмысында ұзақ уақыт бойы үзіліссіз қызмет ететін адамдарда, әсіресе мұғалімдер, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер арасында жиі кездеседі.
«Көтеріңкі көңіл күй жанға қуат береді»
Тренингтер
1.«Шар» жаттығуы
Берілген шарға барлық ішкі күйзелісті, ренішті, шаршаған кездеріңізді, біреуге ренжіген болсаңыздар, сол адамдармен байланысты негативті барлығын шарға үрлейміз. Кейін шарды бар күштерімен жарып жібереді. Осылайша іштеріндегі жаман эмоцияларды, негативті шығарады.
Мұғалімдердің тізімі аранайы жазулы болады, қораптан қолына түскен қағазды таңдайды, кімге қай мұғалім түсті, сол мұғалімнің жақсы қасиеттерін, ұстаздық жолында көрсеткен шеберлігін, жарқын сәттерін айтып мақтауы қажет. Тілек білдіріп, кеңестерін қосып айтуға болады.
3. Кеңес жаднамалары
Жұмыс аптасының басында стреске шалдығуға еш болмайды. Егер сондай жағдай орын алып, жұмыстан жалығып, шаршап қалсаңыз, 5 минутта стрестен арылудың 5 жолымен таныс болыңыздар.
«Қылқалам» Дарите женщинам цветы. Шарты: Қылқаламды бір-бірімізге ұстап тырамыз, би ырғағымен билейміз,кім қылқаламды түсіріп алатын болса сол ойыннан шығады.
Келесі жаттығу «Допты қағып ал» шеңберге тұрамыз, допты лақтырамыз, допты қағып алған адамның қасындағы екі адам лезде отыру қажет.
Бірнеше топқа бөлінеміз. Бір адам көзбасшы, қосылған биге билеп берулері керек. Мысалы үнді музыкасы қосылса, үнді биін билейді. Өзбек биі қосылса өзбек биін билейді.т.с.с.
Рефлексия
Сіздерге бүгінгі іс-шара ұнады ма?
Өздеріңізге пайдалы ақпарат және кеңестер ала алдыңыздар ма?
Барлықтарыңызға ұстаз жолында қанаттарыңз талмай, жылдан жылға жасай берулеріңізді тілеймін.
Осы сөздерді қайталап, шапалақтайды.
Қош сау болыңыздар!