Көкшетау қаласының "№4 ЖОББМ" КММ жаратылыстану және география пәнінің мұғалімі. Жас шығармашылық педагог, №4 орта мектептің түлегі, Томск мемлекеттік зерттеу университетін "География" мамандығы бойынша бітіріп, туған мектебіне мұғалім болып оралды.
Педагогикалық өтілі 6 жыл ішінде өзін мектеп өміріне белсенді қатысатын мақсатты педагог ретінде көрсетті. Оқыту әдістемесін өте жақсы меңгерген, оқыту мен оқуда жаңашылдықты енгізуге ұмтылған Регина Ханифовна әріптестері мен оқушылары арасында құрметке ие болды.
Мамандыққа және балаларға деген сүйіспеншілік оған жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Регина Ханифовна оқушылары жаратылыстану және география бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері, зияткерлік конкурстардың, ғылыми жарыстардың қатысушылары. Регина Ханифовнаның өзі-барлық өткізілетін іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі, кәсіби конкурстардың, көркемөнерпаздар байқауларының, халықаралық форумдардың, қалалық және облыстық әдістемелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
Белсенді кәсіби ұстанымы және педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін Регина Ханифовна Көкшетау қаласының білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамоталарымен, Көкшетау қаласының тілдерді дамыту орталығының, білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.