«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№4 орта мектебі» КММ-де 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығы ішінде тамақтанудың ұйымдастырылуы

05.04.2019

«№4 орта мектебі» КММ-де

2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығы ішінде тамақтанудың ұйымдастырылуы

(Мектеп ұстаздарының кеңес отырысында сөз сөйлеу)

 

         «№4 орта мектебі» КММ –де ыстық тамақпен тамақтандырудың ұйымдастырылуы мектеп бойынша 01.09.2019 жылғы «2018/2019 оқу жылы ішінде білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру туралы» № 171 бұйрығы негізінде іске асырылады. Осы оқу жылына ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру мақсатында «Конакбаева А.Е.» ЖК –мен қызмет көрсетуіне 01.09.2018 жылғы № 65 келісім шарты жасалды. Асхана жеткілікті құрал-жабдықтармен, асхана ыдыстарымен және құрылғылармен  қамтамасыз етілді. Құрал-жабдықтар, құрал-саймандар, ыдыстар қоғамдық тамақтану ұжымдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді және азық-түліктермен жақын ұстауға рұқсат етілген материалдардан жасалған. Өндіріс бөлмелерде орнатылып тұрған барлық қажетті технологиялық және тоңызатқыш құрылғалары дұрыс жұмыс істеп тұр. Оқушылардың тамақтануы оқушыларға дер кезінде белгілі уақыт мерзімінде ыстық тамақ алуына мүмкіндік беретін бекітілген кестеге сәйкес ұйымшыл түрде ұйымдастырылады. Сабақтың аяқталуына 5-10 минут қалған кезде үстелдерді алдын ала асхана қызметкерлері әзірлейді. Асхана бөлмесіне кіреберісінде  оқушылардың қол жууына арналған арнайы орындар ұйымдастырылған. Әр сынып соңында арнайы бекітілген ас үстелдері бар. Ас ішетін жерде 4- апталық күндерге бөліп толтырылған ас мәзірі бар. Осы ас мәзірі ата-аналар назары үшін таныстырып жеткізу мақсатында «Мектепте тамақтану» айдарында мектеп сайтында орналастырылған.

         Тамақтану сапалығын бақылау үшін мектеп бойынша:                                01.09.2018 жылғы «Тамақтану сапалығын бақылауына мониторинг жүргізу бойынша комиссия құру туралы» №171, «Сарапшылық комиссияны құру туралы»  № 177/1 бұйрықтар шығарылды. Комиссиялар құрамына кіргендер:

Хасеинова Б.Б. -   мектеп директоры

Бускеева К.Е. – ОТБ жөніндегі мектеп директордың орынбасары

Нурпеисова С.С. – мектеп фельдшері

Фомичева Е.Н. – әлеуметтік педагогі

Соловьева Н.С.  – мектеп ата-аналары комитетінің мүшесі

Кожабекова Ж.Ж.- мектеп ата-аналары комитетінің мүшесі

Завертнева Е.П.- мектеп қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Шакирова К.К.- мектеп қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Трошина С.В.- ата-аналары комитетінің төрайымы

Комиссия жұмысының жоспары пысықталды.                  

         3 қыркүйектен бастап 28 желтоқсанына дейін барлық есеп беру мерзімі ішінде комиссия ыстық тамақпен қамтудың ұйымдастырылуына мониторингін жүргізді. Тексерілді:

-      азық-түліктің сапалығы, тағамдарды әзірлеу технологиясы, тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын түйсіктік бағалауы;

-       тағамның шығуы және оның бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі;

-       азық-түлік пен дайын тамақ сақтау жағдайының сақталуы;

-  асхананың тоңызатқыш –технологиялық құрылғылардың жұмыс істеуі.

         Жүргізілген мониторинг негізінде актілер құрылды. Комиссияның ыстық тамақпен қамтудың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғастырылатын болады.  

     2018 жылғы 1 қыркүйегінің жағдайына №4 ОМ –де 1-11 сыныптарында  965 оқушы оқытылды. Жаппай оқыту Қоры есебінен әлеуметтік-осал отбасылар қатарынан ыстық тамақпен  аз қамтылған отбасылардан 86 оқушы, ата-анасының қамқорынсыз қалған 9 жетім бала қамтылды. Бірінші сынып оқушылары (132 оқушы)  Көкшетау қ. әкімдігінің қаулына сәйкес толық 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бірінші жартыжылдық ішінде тегін ыстық тамақпен қамту құны 172 теңге құрады.  2019 ж. қаңтар айынан бастап - 235 теңге құрады. Жеңілдік берілгендер санатына жатпайтын оқушыларды ыстық тамақпен  қамтылуы ата-аналар есебінен ұйымдастырылды.

        Мектеп асханасы мектеп жұмысы кестесіне сәйкес толыққанды ыстық тамақпен барлық оқушыларды қамтамасыз етеді. Сыныптар бойынша тамақтану кестесі бекітілді. Асхана мен мектеп бойынша  әкімшіліктің, сондай-ақ, мұғалімдер мен сыныптар кезекшілігі бар.

       Мектеп фельдшері С.С.Нурпеисова мектеп асханасының жұмысына  бақылау жүргізеді. Тамақтануға қатысты құжаттар толтырылады: сатып алынатын азық-түліктердің журналы, шикізат пен дайын өнімнің сарапшылық журналы, шығарылатын дайын өнімнің бақылау журналы, денсаулық сақтау журналы, тоңызатқыш жабдықтардың температуралық режимін тіркеу журналы. Су ішу тәртібін ұйымдастыру мәселесі мектепте қаралатын аса маңызды мәселелердің қатарына жатады.  

      Су ішу тәртібі кулер арқылы іске асырылады (саны - 5 дана),  «Көкшеауылшаруашылықөнім»ЖШС жеткізуші болып табылады.

Ұсынымдар:

1. Санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін сақтау бойынша жұмыстары жалғастырылсын.

2. Оқушыларға тамақтану мен өз-өзіне қызмет көрсету мәдениетін баулу жұмыстары жалғастырылсын.

3.Дұрыс тамақтану қажеттілігі жөнінде оқушылар мен ата-аналар арасында түсініктеме жұмыстары жүргізілсін.

4.Мектеп сайтындағы «Мектепте тамақтану» айдарында жүйелі түрде оқушылардың тамақтанудың ұйымдастырылу мен сапалығына қатысты ақпарат орналастырылсын.  

 

 

Әлеуметтік педагог:      Фомичева Е.Н.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.04.2019 17:26
Құрылған күні: 05.04.2019 17:26

Текст