ҚР Білім Министрінің 2020 ж. 27.05. № 223 бұйрығы , мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымша негізінде, «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» туралы «№ 4 ЖББОМ» бойынша ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі :
1 . Көрсетілетін қызметті берушінің атауы -бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары;-«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz;
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат ( еркін нысанда); 2) үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде (проактивті).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар мен мәліметтер тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
3) үйде оқыту жөніндегі ұсыныммен психологиялық-медициналық педагогикалық комиссияның қорытындысы.
4) Мүгедектігі бойынша анықтама.
2024-2025 оқу жылының басына қалалық ПМПК нәтижелері, ДКК анықтамалары, ата-аналардың өтініштері негізінде және 2024 жылғы 29.08 № 398 бұйрығы негізінде № 4 ЖББОМ -де мектеп директоры бекіткен оқу жоспарлары бойынша 5 оқушыға үйде жеке оқыту ұйымдастырылды.
Сынып жетекшісімен және осы оқушылардың ата-аналарымен келісілген кестелерге сәйкес пән мұғалімдері сабақ өткізеді.
/public/files/2025/2/3/030225_110818_whatsapp-video-2025-01-31-at-170245.mp4
/public/files/2025/2/3/030225_110836_whatsapp-video-2025-01-31-at-170244.mp4