Көкшетау қаласының "№4 ЖОББМ "КММ биология мұғалімі Ключникова Марина Николаевна педагогикалық қызметке 25 жылдан астам уақытын арнады. Тәжірибелі педагог-зерттеуші ретінде оқытудағы заманауи тәсілдерді және пәнді оқытудың инновациялық технологияларын өте жақсы меңгерген. Ол педагогикалық шеберлікті жетілдіруге деген ұмтылысымен, өз ісінің нәтижелеріне деген жауапкершілігімен ерекшеленеді.
Марина Николаевна- өз мамандығының нағыз шебер ұстазы. Мұқият теориялық дайындық, оқытудың әдістері мен оны мұқият таңдау, қосымша материалдарды тарту мүмкіндігі оның сабақтарын тәрбиелі, қызықты, мазмұнды етеді. АКТ технологиясын қолдану, сыни ойлауды дамыту оқушылардың биологияға ғылым ретінде қызығушылығын оятады.
Сондықтан да оның тәрбиеленушілері-қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі биология пәні бойынша олимпиадалардың тұрақты жүлдегерлері (Илюбаев Мәди, Буртубаева Элина, Мыза Ольга, Хамитова Камила, Романов Владислав және басқалары), мектеп бітірушілері биологиямен байланысты мамандықтарды таңдайды.
Марина Николаевна кәсіби құзыреттілігінің, пәнге деген құштарлығының, кең эрудициясының, принциптілігінің, жауаптылығы мен еңбексүйгіштігінің, жұмысқа қабілеттілігінің, тәртіптілігі мен жауапкершілігінің, қойылған мақсатқа жету қабілетінің арқасында педагогтар, білім алушылар мен ата-аналар ұжымында лайықты құрмет пен беделге ие.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту ісіндегі жоғары жетістіктері үшін Марина Николаевна Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хатымен, "Өрлеу "БАҰО"АҚ грамотасымен марапатталды.
Әріптесімізге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!!