2022 жылғы 11 тамызда мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Бос лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясының қарауына өтініш берушілер: математика мұғалімдеріне-1 өтініш, бастауыш сынып мұғалімдеріне – 5 өтініш, дене шынықтыру мұғалімдеріне – 11 өтініш, география мұғалімдеріне – 2 өтініш, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мұғалімдеріне – 2 өтініш, дефектологқа - 1 өтініш.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың өтініштері мен бағалау парақтарын, конкурсқа қатысушының құжаттар тізбесі бойынша құжаттар топтамасын қарады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес қағидаларға қосымша), жеке әңгімелесу өткізді.
Комиссия ұсынған үміткерлердің құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау қорытындысы бойынша, сондай-ақ қатысушылардың бағалау парақтарындағы баллдарды есептеуге сәйкес 5 педагогты жұмысқа қабылдауға мақұлдау туралы шешім қабылданды. Резервке бір педагог алынды.
/public/files/2022/8/17/170822_120224_211082022-protokol-2-kaz.PDF