№4 ЖОББМ 2024-2025 оқу жылында педагогикалық кадрларды аттестаттауға келесі санаттар бойынша тізім жасалды:
«Педагог-модератор» - 18;
«Педагог-сарапшы» - 8;
«Педагог-зерттеуші» - 10.
Ұстаздардың үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына құжаттарды қабылдау ережесіне сәйкес, «Педагог-модератор» мен «Педагог-сарапшы» өз құжаттарын ustaz.orleu-edu.kz платформасына жүктейді, ал «Педагог-зерттеуші» материалдарын белгіленген тізім бойынша Google Диск арқылы ұсынады.
Ustaz.orleu-edu.kz платформасында 2024-2025 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен жұмыс жүргізілуде және педагогтардың құжаттарын енгізуге жауапты тұлға жұмыс жүргізілуде.
Шешімі:
Қабылданған құжаттардың саны мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға деген қызығушылығын көрсетеді.
Платформаның толтырылуы құжаттарды ұсыну үшін платформаның сәтті пайдаланылуын растайды.
«Педагог-зерттеуші» санатындағы педагогтар өз жетістіктері туралы ақпаратты Google Дискке толықтыруды жалғастыруда.
Ұсынымдар:
Педагогтармен қосымша құжаттарды платформаға уақытында жүктелуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізуді жалғастыру қажет.
Google Диск пайдаланатын педагогтардың ұсынған құжаттарының толықтығы мен дұрыстығын қосымша тексеру ұсынылады.
Оқу ісінің орынбасары: Кумарова Б.И.