«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 4 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос орынға ашық конкурс жариялайды:

04.09.2023

Жеке мекенжайы: 020000 Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев 
көшесі, 72
Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)
Бос орынға ашық конкурс жариялайды:
Бос лауазымның атауы: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 0,5 жүктеме
 Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 117644 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: 1.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:
3.1.    Талдау жасайды:
•    оқу тәрбие процесінің проблемаларына;
•    оқу тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;
•    №4 ЖОББМ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;
•    оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;
•    мұғалімдердің кәсіби біліктілігі деңгейіне;
•    оқушылардың сапалы біліміне жағдайына;
•    №4 ЖОББМ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы",  заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №4 ЖОББМ   жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.  
Білуге тиіс:
       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
    оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;
     педагогика және психология;
     педагоггикалық этиканың нормалары;
     пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
     оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.
     Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім  немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;
және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
    Конкурс " Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау басшылары және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 Бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
       2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
       3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
       4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;(қосымшаларымен нотариалды куәландырылған);
       5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
        7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
        8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
        9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
       10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
        Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.( 4 қыркүйектен бастап  12 қыркүйекке дейін)
        Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
        Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды  білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі 72.
 
Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.11.2023 17:31
Құрылған күні: 17.11.2023 17:31

Текст