Бегенова Жибек Нурбековна - педагогикалық қызметте 18 жылдық өтілі бар, Көкшетау қаласының "№4 ЖОББМ" КММ ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші. Жібек Нұрбекқызы шығармашылық, кәсіби шеберлігін жетілдірумен айналысатын белсенді педагог, жас педагогтардың тәлімгері, сынып жетекшілерінің мектеп әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.
Ол ағылшын тілі мұғалімдерінің озық тәжірибелерімен алмасу бойынша қалалық, облыстық, аймақтық семинарлардың тұрақты қатысушысы (Oxford Proffesional Development Training "Making the Most of English Plus Kazakh edition methodology, teaching skills and CLIL"; "Essentials in ELT"; "Білім берудегі педагогикалық инновациялардың жаңа көкжиектері"; "Ineractive methods of teaching 9th 10th grades by MM Publications") және т.б.). 2018 жылы "Білім беру сапасын арттырудағы мұғалімдердің көшбасшылығы" жобаларын әзірлеу бойынша халықаралық қазақстан-британ бағдарламасы шеңберінде жұмыс тәжірибесін жинақтады, "Білім беру сапасын арттырудағы мұғалімдердің көшбасшылығы" өңірлік конференциясына, "Үздік педагог 2019"қалалық конкурсына қатысты.
Оның еңбектері республикалық және халықаралық конференциялар жинақтарында ("Мұғалімдердің білім беру ортасын жақсартудағы көшбасшылығы"), "Мектептегі, колледждегі және ЖОО-дағы ағылшын тілі"республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланды.
Жібек Нұрбекқызының оқушылары-ағылшын тілінен қалалық пәндік олимпиада, халықаралық қашықтық олимпиадалар мен республикалық онлайн конкурстардың жүлдегерлері.
Жібек Нұрбекқызы Көкшетау қаласының білім бөлімі жанындағы сараптау комиссиясының мүшесі болып табылады. Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет мектептің, қалалық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, КАЗГЮУ-дың құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған.
Ұжымда әріптестер мен оқушылар арасында беделі зор.