Жеке мекенжайы: 020000 Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев
көшесі, 72
Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)
Бос орынға ашық конкурс жариялайды:
Бос лауазымның атауы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 217644 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: 1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:
3.1. Талдау жасайды:
• тәрбие процесінің проблемаларына;
• тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;
• №4 ЖОББМ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;
• оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;
• мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;
• оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;
• №4 ЖОББМ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.
3.2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.
3.3. Әзірлейді және белгілейді:
• үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап "СанПиНомға" және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;
• №4 ЖОББМ тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;
• өз міндеттеріне сәйкес №4 ЖОББМ бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;
• өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
• оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;
• мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;
• өз міндеттеріне сәйкес №4 ЖОББМ тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;
• №4 ЖОББМ дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.
3.4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:
• №4 ЖОББМ тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;
• №4 ЖОББМ тәрбие жұмыстарын;
• аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;
• сыныптан тыс шаралар өткізуді;
• оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;
• оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;
• "Табиғаттың жас достары", "Жол қозғалысының жас инспекторлары", наркологиялық посттар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;
• №4 ЖОББМ оның территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;
• "қиын" оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;
• жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;
• сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;
• оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;
• тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;
• сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.
3.5. Қамтамасыз етеді:
• №4 ЖОББМ құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т. б. өзара әрекеттестігін;
• білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;
• тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;
• физикалық тәрбие, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты процестерінің үйлесімді дамуын;
• өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;
• оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай №4 ЖОББМ формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;
• мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;
• оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.
3.6. Басқарады:
• №4 ЖОББМ моральдық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;
• №4 ЖОББМ көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.
3.7. Бақылау жасайды:
• тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150–180 сағаттан кем емес) қатысады;
• сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;
• үйірмелер, секциялар жұмысына және №4 ЖОББМ қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;
• мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;
• сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;
• психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;
• №4 ЖОББМ әлеуметтік және полицейлік қызметке;
• әскери-патриоттық тәрбиеге;
• қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;
• сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;
• өз міндеттеріне сәйкес №4 ЖОББМ тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.
3.8. Үйлестіреді (және көмектеседі):
• сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;
• тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, №4 ЖОББМ жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;
• тәрбие процестерін қамтамасыз ететін №4 ЖОББМ әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін.
3.9. Бағалайды, сараптайды:
• №4 ЖОББМ оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;
• өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша №4 ЖОББМ стратегиялық құжаттарын;
• сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;
• сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.
3.10. Кеңес береді:
• мұғалімдер мен ата-аналарға №4 ЖОББМ тәрбие процесінің мәселелері бойынша;
• мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.
3.11. Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды – сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т. б. редакциялайды, түзетеді.
3.12. Хабардар етеді:
• әкімшілікті және мұғалімдерді №4 ЖОББМ тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;
• өз міндеттеріне сәйкес №4 ЖОББМ кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.
3.13. Тыйым салады:
• мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;
• №4 ЖОББМ орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуіне.
3.14. Қатысады:
• педагогикалық кеңестер жұмысына;
• жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, "дөңгелек стол" отырыстарына және басқа шараларға;
• тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;
• оқушылар контингентін жасақтауға;
• №4 ЖОББМ педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне.
3.15. Жетекшілік етеді:
• кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;
• сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;
• аға вожатый, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;
• №4 ЖОББМ балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;
• кітапхана қызметіне.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №4 ЖОББМ жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;
педагогика және психология;
педагоггикалық этиканың нормалары;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;
және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Конкурс " Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау, мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау басшылары және мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 Бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;(қосымшаларымен нотариалды куәландырылған);
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.( 26 маусымнан бастап 30 маусымға дейін)
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қаныш Сәтпаев көшесі 72.
Телефон: 8(7162)-25-24-72 (қабылдау бөлмесі)